Қолданыстағы тиiмдiлiгi мол

Пятница, 15 Май 2015 03:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4334 раз

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде оқушыларды ғылыми-жоба дайындауға баулу дәстүрлі түрде жолға қойылған. Әр оқу жылында колледжде оқушылар арасында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізіледі.


20-3-4

Оқушыларды ғылыми-жоба дайындауға баулу – оқушыны шығармашылыққа ынталандыратын, яғни оқытылатын пәннің материалын дамытуына оның жаңашылдық деңгейінің жоғарылауына, жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасай отырып, кәсіби мәнділігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дамушы, шығармашыл тұлғаны қалыптастырады.  Осыған орай, өзімнің жетекшілік еткен оқушымның ғылыми-жобасының күнделікті қарапайым тұрмыстағы қажеттілігі мен қолданыстағы тиімділігін айтқым келеді.
Кез келген машина, көптеген технологиялық жабдықтар, қондырғылар, приборлар, өңдеу және өлшеу аспаптары мен құралдары негізінен металдан жасалатыны баршаға мәлім. Сол сияқты құрылыс, көлік, ауылшаруашылығы, тау-кен, металлургия, мұнай және газ салаларында металдың көптеп тұтынатыны белгілі. Металл кесу станоктарында өңдеу кезінде дайындама мен кескіш аспаптар белгілі қозғалыс жасауы қажет. Металл кесу станоктарында негізгі қозғалыс айналмалы (токарь, бұрғылау, фрезерлеу, ажарлау станоктарында) немесе тік сызықты (ілгері-кейінді қозғалыс-сүргілеу және қашау станоктары) болады.
Кеңінен таралған бұрғылау станоктары 220 В-ты электр тоғы арқылы жұмыс жасайды. Біздің жобалап отырған әмбебап бұрғылау станоктың ерекшелігі 12 Вт-тық электр қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сондай-ақ, ол жылжымалы болып, жұмыс барысын жеңілдетіп, электр қуатын үнемдейтін болып табылады. Ұсынып отырған бұрғылау станоктың тағы бір ерекшелігі, аккумулятор қуаты бітіп қалған жағдайда күн сәулесі батареясын қолдануға болады.

Ф. Жарқынбекова,
Шымкент көлік,
коммуникация және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.