ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

Среда, 26 Июнь 2024 06:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 804 раз

Өткен жылы қараша айында Шымкент қаласындағы №3 қалалық емханада «Үздік тәжірибелік орталық» ашылған болатын. Мұндай орталықты ашудағы басты мақсат – халықаралық стандарттар мен жаһандануды ескере отырып, қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту.

 

Осы орталық жұмысының аясында емхана құрылымына көптеген оң өзгерістер еңгізілді. Атап айтқанда, емханада өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары, Халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі бөлмесі, денсаулық мектептері және отбасылық медицинаның жаңа моделі өз жұмыстарын бастады. Бұл тәжірибе медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға, қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстану арқылы сауықтыруға ықпал ету үшін енгізіліп отыр.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанынан ашылған Үздік тәжірибелік орталықтардың жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда. Мұнда медицина қызметкерлері бірлесе тұрғындарға әлеуметтік, репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Атап айтқанда, мұнда жастар денсаулық орталығы, алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, отбасылық денсаулық орталығы, ана мен бала бұрышы бар.
Бүгінге дейін Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6, №3 емханалардың үздік тәжірибесімен танысып, тәжірибе алмасты.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Оразбайұлы Шымкент қаласындағы №3 қалалық емхананың жұмысымен танысқан кезде медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін енгізудің артықшылығын атап өткен болатын.
– Бүгінде Шымкентте іске қосылған орталықтар өз нәтижесін көрсетуде. Сондықтан тәжірибе алмасу арқылы медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін енгізуді мақсат етіп отырмыз. №3 емханада бұл жұмыстар өз деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткіздік. Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет инновациялық-технологиялармен ерекшеленеді. Қазір халықтың талабына орай қызметтің де сапалы болуы маңызды, – деді ол.
Үздік тәжірибелік орталықтың ерекшелігі – әлеуметтік және медициналық қызметтер біріктірілген. Бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс істейді. Бүгінде емханада дәрігерлер «Емхана науқастардың көзімен», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді 11 жаңа жоба аясында жұмыс жүргізуде.

А.ТАСБОЛАТОВА,
№3 қалалық емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау
бойынша орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.