ДҮНИЕДЕ ЕҢ ТӘТТІ – АНАНЫҢ СҮТІ

Среда, 26 Июнь 2024 06:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 664 раз

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ана сүті нәрлі болса, баласы әлді болады. Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады. Баланың ағзасында табиғи иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететін де — ана сүті.

 

Босанғанннан кейінгі алғашқы сағатта баланы емізу нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді және оның өмірін сақтайды. Жартылай еметін немесе мүлде ембейтін жағдайда балаларда іштің өтуінен және басқа инфекцияның салдарынан өлім-жітімге шалдығу қаупі жоғары болып келеді. Сонымен қатар, баланы емізу ақыл-ой дамуының коэффициентін, мектепке дайындығы мен оның оқу көрсеткіші деңгейін арттырады және оған есейген шақтағы табыс деңгейінің аса жоғары болуы да байланысты. Ол кейінірек сүт безі мен аналық бездің обырына, қант диабетінің 2-типіне шалдығу қаупін және аналардың босанғанан кейін депрессияға шалдығуын төмендетеді.
Емшектегі балалар семіздік, асқазан-ішек жолдарының аурулары, жіті респираторлық-вирустық инфекцияларларға шалдықпайды. Оларда мешел мен аллергиялық диатез секілді ауруалды аурулар сирек кездеседі.
Баланы емізуді бала туылғаннан соң алғашқы сағатта бастау керек; бала қанша сұраса – сонша, күндіз де, түнде де емізу керек, бөтелке мен емізікті қолданудан аулақ болу қажет.
Баланы емізгенде басында көп әйелдер қиындыққа тап болады.Мамандардың кеңес беруінің арқасында әрбір әйел баланы 6 айға дейін тек емізуді және/немесе тиісті қосымша тамақ берумен қатар екі жасқа дейін жалғастыруды қамтамасыз ете алады.
Емізудің артықшылығы:
• Толыққанды тамақтану болып табылады;
• Тез сіңеді және толық қорытылады;
• Инфекциядан қорғайды;
• Жасанды тамақтан арзан тұрады.
Бала бойында эмоциялық байланыс пен дамуды қамтамасыз етеді;
• Жаңа жүктіліктің орын алмауына көмектеседі;
• Ананың денсаулығын қорғайды.
Ана сүтінің қорғаныс қасиеті:
• Ана сүті инфекция мен аллергиядан қорғайды, сондай-ақ баланың иммундық жүйесінің лайықты дамуын ынталандырады.
• Ана сүтінің қорғаныс қасиеті патогенді микрофлоралардан асқазан-ішек жолдарын алғашқы қорғанысын қамтамасыз ете отырып, анадан балаға энтеральдік жолмен пассивті гуморалдық иммунитеттің табиғи жолмен берілуі анықталады.
• Ана сүтінде түрлі антигендерге, әсіресе энтеробактериялар мен вирустарға, стрептококк, стафилококк пен пневмококк, қарапайым вирустарға қарсы антидене бар.
• Ана сүтінде макрофагтар, лимфоциттер мен нейтрофильді гранулоциттер көп. Бұл жасушалар бала анасының байланысты болатын микроорганизмдерге қатысты фагоцитоз, сондай-ақ иммундық факторлар секрециялары арқылы да инфекцияның алдын алуға көмектеседі.

Жасанды тамақтандыру кезінде орын алатын қауіп-қатерлер:
• Іштің өтуі, респираторлық инфекциялар жиі орын алады;
• Іштің ұзақ өтуі;
• Тамақтанудың жеткіліксіздігі, А дәруменінің жеткіліксіздігі;
• Өлім-жітім қауіпінің жоғары болуы;
• Тығыз байланысуға мүмкіндік бермейді;
• Жаңа жүктіліктің орын алуы мүмкін;
• Аллергия мен сүтті қабылдамау мүмкіндігінің жоғарылығы;
• Кейбір созылмалы аурулардың даму қаупі жоғары;
• Артық салмақ;
• Ақыл-ой даму деңгейі төмен;
• Қан аздық, аналық без бен сүт безі обырының қаупі жоғары болады.

Ана сүті – балаға арналған ең жақсы тағам. Ол баланы ауру- сырқаудан сақтап қана қоймай, баланың иммундық жүйесін арттырады. Ана сүтімен өскен бала анемия, рахит, өкпенің қабынуы, дисбактериоз сияқты аурулармен ауырмайды. Аналарға кеңесім: баланы тек АНА сүтімен емізіңіздер.

Сандуғаш ТЕҢІЗБАЕВА,
ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК-нің
бас мейіргері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.