«QAZAQ QAZYNASY» КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАР КІЛЕМДЕРІН ҰСЫНАДЫ Избранное

Среда, 17 Июль 2024 06:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 954 раз

Қазақстан қашанда өзін әлеуметтік бағдарлы мемлекет ретінде танытып келе жатқаны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді түрде араласып, білім алып, өнер және кәсіппен айналысуына қолайлы жағдай жасалуы – соның айғағы. Бір жағынан, бұл – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін маңызды қадам.

KaxaKKIL

 

Елімізде, әсіресе, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға көп көңіл бөлініп келеді. Осы орайда, «Кедергісіз келешек», «Тең мүмкіндіктер әлемі», «Арман әлемі» деген қоғамдық қауымдастықтар жоспарлы түрде жұмыс жасап жатқанын айта кеткіміз келеді. Аталған ұйымдар мен инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының мақсаты біреу, ол – ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмау. Дегенмен, сол балаға күтім жасайтын ата-аналар да жұмыссыз қалмауы тиіс. Осы мәселені бірнеше жылдан бері назарға алған «Арман Әлемі» заңды тұлғалар қауымдастығы Шымкент қаласында «Qazaq Qazynasy» атты қазақы қол кілемдері цехының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
«Qazaq Qazynasy» цехының басшысы Фарида Бакибаева жобаның мақсытымен таныстырды.
– Кілем цехында біз қазақтың кілем тоқу өнеріне негізделген күрделі техникалар мен көркемдік дәстүрлерді ұстанамыз. Әрбір кілем – бұл өз білімі мен дағдыларын ата-бабаларынан мұра еткен тәжірибелі шеберлер мұқият жасаған өнер. «Арман Әлемі» заңды тұлғалары бірлесіп, бизнес инкубатор жобасын іске асырдық. Цех ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар қыз-келіншектерге арналған. Біздің бизнес инкубаторда келекшекте басқа да бизнес бағыттарын ашамыз, – дейді Фарида Бакибаева.
Енді ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады. Бүгінде цехта әрқайсысы 5 қыз-келіншектен құралған 2 топ бар. Кілем тоқумен қатар киіз басумен де айналысады. Алдағы уақытта 4 кілем құрылғысын 10 данаға дейін көбейту жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.