КОНГО-ҚЫРЫМ ҚЫЗБАСЫНАН 1 НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ Избранное

Пятница, 19 Июль 2024 07:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 609 раз

мамандар кенеден келер қауіп көптігін ескертеді

Биыл көктем-жаз маусымы басталғалы бері Шымкентте 468 адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Өткен жылмен салыстырған да кене шағу дерегі 12,6 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Kene

 

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Гүлмира Сейсенова медициналық мекемелерге жүгінген барлық тұрғынға шұғыл көмек көрсетілетіндігін айтты.
– Маусым басталғаннан бері бүгінгі таңда Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының 3 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1-еуі Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны екенін айта кеткен жөн. Медициналық көмекке тым кеш жүгінгендіктен, оқиға науқастың қайтыс болуымен аяқталды. Ал, Шымкент қаласындағы 2 тұрғынның жағдайы бір қалыпты. Науқастар мал бағумен айналысқан, – дейді Гүлмира Сейсенова.
Жалпы, Конго-қырым қанды қызбасы шөлді аймақтарда жиі кездесетін вирус тудыратын өте қауіпті жұқпалы ауру. Алғаш рет 1944 жылы Қырымда, 1956 жылы Конгода анықталып, медицина саласына «Конго-қырым геморрагиялық қызбасы» деген атпен енгізілген.
Мамандардың айтуынша, КҚГҚ -дың жасырын кезеңі бірнеше күннен 14 күнге дейін, орта есеппен 5-7 күнге созылады. Көп жағдайда ауру жедел басталады, дене қызуының көтерілуімен (39-40С), қалтырау, бас ауруы, шаршау, бұлшық еттердің ауыруы, денеде, қызыл иекте, мұрында, асқазанда бөртпелер пайда болады- қан кету сияқты белгілермен көрінеді. ішектер. Кейбір органдар, соның ішінде бүйрек зақымдалады, соның салдарынан арқа ауырады, науқастың жағдайы нашарлайды, түнде ұйықтамайды. Ауру басылған кезде науқастың қызуы көтеріледі, бірақ қан кету және бүйректің зақымдануы байқалмайды. Кейбір жағдайларда ауру симптомсыз өтуі мүмкін, яғни денеде бөртпе жоқ, органдардан қан кетпейді. Кенеден келер қауіп көп, Тұрғындар осы мәселеге атүсті қарамаса дейді медицина қызметкерлері.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.