ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Пятница, 17 Апрель 2015 09:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5294 раз

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

2015 ЖЫЛҒЫ 26 СӘУІР

Қазақстан Республикасы

Президентінің кезектен

тыс сайлауы

 

Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін болады

 

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды іске асырудың кепілдігі болып табылады.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Сайлау учаскесіндегі шекаралар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 4 наурызға дейін жарияланды.

Егер Сізге 26 наурызға дейін сайлау күні өзіңіздің тіркелген жеріңіздегі сайлау учаскесінде дауыс бермейтініңіз белгілі болса, Сіз уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

10 сәуірден бастап Сіз тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіндегі тізімдегі өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексере аласыз. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз, аталған комиссия өтінішті келіп түскен күні қарайды.

Сонымен қатар, елді мекеніңізден тысқары жерге баратын болсаңыз, Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі еліміздің кез келген учаскесінде дауыс беру мүмкіндігін береді. Есептен шығару куәлігін Сіз 10 сәуірден бастап 25 сәуір күнгі сағат 18.00-ге дейін жазбаша өтінішіңіздің негізінде және куәлігіңізді көрсете отырып, өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан ала аласыз.

Бір елді мекеннің шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы, есептен шығару куәлігіңіз бен жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде, сізді болатын жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Егер Сіз сайлау күні денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз 26 сәуір күнгі сағат 12.00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына үйіңізде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруге құқылысыз. Сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда тұратын сайлаушылар да бұл құқықты пайдалана алады. Учаскелік сайлау комиссиясы жазбаша өтінішіңіздің негізінде Сіздің үйіңізде дауыс беруді ұйымдастырады.

Сайлау комиссияларының міндеті – барлық сайлаушыларға дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ! СІЗДІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КҮТЕМІЗ!

Последнее изменение Пятница, 17 Апрель 2015 09:11
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.