Сынаққа дайынсың ба, жас түлек? Избранное

Пятница, 17 Апрель 2015 09:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3557 раз

Биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді

 

01e50a131ab36c5ae2eebee2bd71f558Қазір перзент қамын ойлаған ата-ананы да, мектеп бітіретін түлектерінің тағдыры толғандырған ұстаздар қауымын да күн өткен сайын күдікті ойлар мазалайтыны белгілі. Ол мазасыздықтың басты себебі – ҰБТ. Яғни, кезекті аламан шабыс, тағдыр тартысына айнала бастаған ҰБТ-ның күні жақындап келеді. Қазір біз күннен-күнге технологиясы дамып, экономикасы ілгері жылжыған білімділердің заманында өмір сүріп жатырмыз. Болашақтың іргетасы болып қаланып, елдің ертеңіне айналу жолында білімнің атқаратын рөлі зор болатындығы күннен-күнге айқындалуда. Сондықтан, мемлекет ілім мен ғылымды дамыту жолында түрлі бағдарламалар қабылдап, тереңдете оқытатын білім ошақтарын ашып, сапалы білімді игерген шәкірт тәрбиелеп шығаруға тырысып бағуда. Білім беруде жүзеге асып жатқан және өзге де ілкімді жаңалықтардың тиімділігін ҰБТ-ның нәтижесінен көреміз деген ойдамыз.

Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пәннен өткізіледі: ана тілі(оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, қазақ мектептеріндегі оқушылар үшін орыс тілі және мамандыққа байланысты таңдау пәні. Мемлекеттік білім беру гранттарына тағайындау конкурсына ҰБТ-ны төрт пәні бойынша нәтижесі есепке алынады.

Биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 25 сәуірге дейін жүргізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмалары жылдағыдай 25 сұрақтан тұрады. ҰБТ-ға 3,5 ( үш жарым) сағат, яғни 210 минут бөлінеді.

Ал, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін, жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері мен денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған оқушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның нәтижесі бойынша 100 балдан ең төменгі шекті деңгей – 50 балл құрайтынын, бейінді пән бойынша – 7 балдан кем емес, ал, басқа пәндерден 4 балдан кем болмауы қажет.

Әрбір сынақтың нәтижесі көңілден шығуы үшін оған түбегейлі, тереңдете жүргізілген, жан-жақты дайындық қажет. Осыған орай, Шымкент қаласындағы жалпыға бірдей білім беру ордаларында 2014-2015 оқу жылының қазан айынан бастап оқушылардың базалық даярлық сапасын арттыру және ЖОО-на түсу үшін мамандықтарды таңдау мүмкіндігін кеңейту мақсатында ҰБТ-ға қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Биылғы оқу жылында қала мектептеріндегі мектеп бітіруші түлектер саны – 6691, оның ішінде 4294 оқушы қазақ сыныбы,1315 оқушы орыс сыныбы, ал 1082-сі өзбек сыныбын бітірушілер болып табылады. Қаңтар айындағы болжам бойынша ҰБТ-ны тапсыруға ниет білдіріп отырған оқушы саны – 4284. (Өзбек тілінде білім алатын 1082 оқушыны есепке алмағанда қатысу пайызы – 75,5).

Ата ана, назарда ұстаңыз!

Құрметті 11 сыныпты бітіруші түлектердің ата-аналары! Егер де Сіздердің балаларыңыздан мектептің техникалық хатшысы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін әр түрлі себептермен өтініш қабылдамаса, төменде көрсетілген мекен-жайда орналасқан ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін орталықтарға барып, өтініш жазуларыңызға болады.

– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті –   мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылығы №5 үй

– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – мекен жайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби даңғылы №1 үй

– Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты – мекен жайы: Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі 137 үй.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардан өтініш ағымдағы жылдың 10 наурызы мен 25 сәуірі аралығында қабылданады.

 

Последнее изменение Пятница, 17 Апрель 2015 09:23
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.