Ардагерлер – қамқорлық құшағында

Пятница, 17 Апрель 2015 09:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3066 раз

20150416074948«Ерлікке тағзым» акциясы аясында Қайнарбұлақ саяжайында тұратын ҰОС-ның ардагерлері С.Қолданов пен Н.Ушакованың үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы әкімдігінің қолдауымен 12 ардагердің үйіне ағымдағы, 2 ардагердің үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы ретте, шымкенттік жастар да қалыс қалмады. Олар соғыс ардагерлерінің үйі мен қора-қопсысын тазалап, әктеп және есік-терезелерін сырлап берді.

Өнегесі мол жұмыстың алғашқысы 90-нан асқан Сауранбай Қалданов ақсақалдың үйінен басталды. Ауласындағы қоқыс жиналып, жері аударылды. Ал, «Эристайл-Қазақ-стан» ЖШС-нің жұмысшылары ардагердің көнерген шатырын өз қаржысына ауыстырып берді.

Отанын қорғауда от кешкен қария бүгінде шағын ғана ескі үйде өмір сүруде. Оның өзін жуырда мереке қарсаңында берілген қаржыға сатып алған көрінеді. Ал, осыған дейін жалдап келіпті. Ардагер үйдің тарлығын және жаңа пәтерде тұрғысы келетінін жасырмады.

Сауранбай Қалданов майданға 18 жасында аттаныпты. Ол Курск, Минск, Великие Луки, Орел қалаларын азат етуге қатысып, 3-Украина майданында соғысқан.

Жалпы, Қаратау ауданында 47 ҰОС-ның ардагері бар. 33 ардагер мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектері бойынша «Нұрсәт» шағынауданынан пәтер алған.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Последнее изменение Пятница, 17 Апрель 2015 09:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.