АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ СЕКТОРЛАРЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Среда, 25 Сентябрь 2024 12:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 240 раз

70319d8a-c951-4033-a73d-78003788c057

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «Мәртөбе» мөлтек ауданында орналасқан сүт өнімдерін өндіретін «Intermilk Kazakhstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және мәжілісмен Данабек Исабеков бастаған Халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымына Мемлекет басшысының халыққа жолдауын талқылай келе, энергетика саласындағы мәселелер, электр өндірісін өркендетудегі кедергілер және атом электр станцияларының пайдалы тұстары жайында пікір білдірді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Елімізде жылдан-жылға энергия тапшылығы ұлғайып барады.⠀Бұл мәселенің шешімін қазірден таппайтын болсақ, тіпті күрделене түседі. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Сондай-ақ атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандыруға көмектеседі, – деді Нұрлан Бекназаров.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков атом энергетикасының өріс алуы экономиканың маңызды секторларын дамытуға ықпал ететініне тоқталды.⁣⁣⠀
– Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Бұл дегеніміз, атом энергетикасы іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі. АЭС салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және үздік ІТ шешімдерді дамытуға серпін береді, – деді ол.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кездесу соңында Халықтық штаб мүшелері еліміз үшін маңызды кезеңде немқұрайлылық танытпай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғаса бермек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.