ӨРКЕНИЕТТІҢ ИГІЛІГІ

Среда, 25 Сентябрь 2024 12:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 141 раз

«Электр қуатының тапшылығын азайту үшін атом электр станциясының маңызы зор. Елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін, жасыл энергетиканы дамытудағы атом энергетикасының үлесі мол болмақ». Бүгінгі өткен жиында халық қалаулылары осындай пікір білдірді. Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков қаладағы Жұмабек Тәшенов атындағы университет қызметкерлерімен кездесіп,⠀референдум, атом электр стансасының болашағы жайлы пікір алмасты. Жиынды Университет ректоры Қанат Байболов жүргізіп отырды.⠀ ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀
– Халықтың жақсы өмір сүруі үшін экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты даму өте маңызды. Заман талабына сай елдің қажеттілігі де артып жатыр. Қазір біз үшін энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа қолжеткізу өте маңызды. Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда жұмыс істеп тұрған станциялардың 70%-ы тозып жатыр. Сондай-ақ, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Сондықтан энергетика тапшылығының алдын алу үшін АЭС салу ең ұтымды шешім болмақ, – дейді сенатор Нұрлан Бекназаров. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сондай-ақ, сөз алған Нұртөре Жүсіп, Айгүл Қаппарованың да ойы бір жерден шығып, халық арасындағы атомға байланысты үрей мен қоқыныштан арылатын кез келгенін, егер АЭС салынса, құрылысы халықаралық МАГАТЭ стандартымен және сарапшыларының бақылауымен салынатынын түсіндіре келе, өркениеттің игілігін дұрыс пайдалану керек деген тұжырымдарын айтты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Университет қызметкерлері мен студенттері өз кезегінде атом электр станциясын салу туралы, алдағы референдумға қатысты мазалаған сұрақтарын қойды. Бұл қатысушыларға талқыланған мәселенің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.⁣⁣⠀

Жиын соңында Парламент депутаттары ел болашағы үшін маңызды бастамаға қолдау көрсетіп, референдум кезінде белсенді болуға шақырды.

Последнее изменение Среда, 25 Сентябрь 2024 12:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.