Көшелердi жарықтандыру жоспарға сәйкес жүргiзiледi

Пятница, 17 Июль 2015 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4468 раз

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2014 жылдың қорытындысы
бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында
қойылған сұрақтар мен ұсыныстардың

ЖАУАПТАРЫ

33-enbekshi1. М.Көлбаева, Қаратөбе тас жолы №36 үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – Мектепке баратын балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін Қаратөбе тас жолына  түнгі жарық шамдарын қашан орнатасыздар?
Жауап: – Қаратөбе тас жолын  жарықтандыруға жобалық сметалық құжат әзірленіп, облыстық бюджеттен 2015 жылға қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
2. А.Бөбеев, – «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 тұрғыны:
Сұрақ: – Біздің  шағынауданымыздың  орталық  Кенесарин  көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату мәселесін  шешіп  берсеңіздер екен.
Жауап: – Кенесарин көшесіне («Бадам» шағынауданы, орталық көшесі) жарықтандыру шамдары бюджеттен  қаржы қаралған жағдайда атқарылады.
3. Ә.Көкенова, «Сайрам» ш/а, №8, 11 үй комитеттерінің төрайымы:
Сұрақ: – №65 мектепке баратын жолға түнгі жарық шамдарын орнатсаңыздар.
Жауап: – «Сайрам» шағынауданындағы №65 мектепке баратын көшені жарықтандыру жоспарланып, жобалық сметалық құжат әзірленуде. ЖСҚ-ның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары атқарылады.
4. Б.Боташова, 2 Көксай көшесі комитетінің төрайымы:
4.1. Сұрақ: – Ж.Нұрлыбаев көшесін жарықтандыруды қолға алсаңыздар екен.
Жауап: – Ж.Нұрлыбаев көшесіне жарық шамдарын орнату 2015 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, қаралатын болады.
4.2. Сұрақ: – Ж.Нұрлыбаев көшесіне бейне бақылау камерасын орнатуды қолға алсаңыздар.
Жауап: – Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған көшеге ағымдағы жылы бейне бақылау камерасын орнату жоспарланған, қаржы қаралған жағдайда оң шешімін табады.
5. О.Маханов, «Бадам-2» тұрғын алабы, Орталық көшесі, №26 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Бадам-2» тұрғын алабындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді жөндеуді қолға алсаңыздар.
Жауап: – Көпір құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатқа қаржы қаралып, жоба әзірленуде.
6. А.Бөбеев, «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Бадам» шағынауданындағы Кенесерин көшесіне аяқ жол салуды сұрайды.
Жауап: – Кенесерин көшесінің бойына аяқ жол салу жөнінде  ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс берілді. Құрылыс жұмыстары бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылады.
7. Г.Иманқұлова, – «Теріскей» шағынауданы, №43 үй, 28 пәтер тұрғыны:
Сұрақ: – Аулаларымызда «Нұрсәт» шағынауданында орнатылған жаңа контейнер алаңшаларындай алаңшалар орнатыла ма?
Жауап: – «Теріскей» шағынауданы, №43 үйге жақын маңдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңшасын жаңарту жұмыстарын «Жылу энерго ремонт» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы  жылдың 31 қазаны.  
8. А.Абдурашитов, «Базарқақпа» тұрғын алабының көше комитетінің төрағасы:
Сұрақ: – Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін Ленгер тас жолының бойына бағдаршам орнатуды сұраймыз.
Жауап: – Ленгер тас жолына қайта құру жұмыстарын жүргізуші «Корпорация
Береке-А» ЖШС-не бағдаршам орнатуға тапсырыс беріліп, түзілген келісім-шартқа және бекітілген кестеге сәйкес бағдаршам орнату жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында атқарылады.
9. М.Көлбаева, Қаратөбе тас жолы №36 үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – №69 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру кестесін №127 мектепке дейін ұзарту мәселесін шешіп берсеңіздер.
Жауап: – Бүгінгі таңда,  №127 мектеп аумағына №22 автобус бағыты 14 кестемен,  №38 шағын автобус бағыты 20 кестемен, №13 шағын автобус бағыты 14 кестемен жолаушылар тасымалдау қызметін атқаруда. Аталған аумақта қалыптасқан жолаушылар ағымына көрсетілген бағыттар жеткілікті деп есептеледі. №127 мектеп маңындағы көшелердің  ені 6-7 метрді құрайтынына байланысты, №69 автобус бағытын жүргізу мүмкіндігі жоқ.
10. А.Бөбеев, «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 үй тұрғыны:
Сұрақ: – №22 бағыттағы қоғамдық көліктің кестеге сай жүруін қамтамасыз етсеңіздер.
Жауап: – №22 автобус бағытында әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлескен арнайы рейдтік іс-шаралар өткізіліп, бағытта тасымалдау қызметін атқарушы «Бекзат Сервис» ЖШС-ның  басшыларына, бағыттың жұмысын реттеу туралы талап қойылды. Бағыттың жұмысы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының тұрақты қадағалауына алынған.
11. Е.Сұлтан, «Қарабастау» тұрғын алабы,  Ж.Қамбарұлы көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – №99 орта мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салып берсеңіздер.
Жауап: – №99 мектептің өз жер теліміне қайта құрылымдау арқылы 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жөнінде қалалық құрылыс бөліміне сұраныс берілді. Балабақша салынған жағдайда шағын орталық жабылып, ғимараты мектепке беріледі.
12. Б.Рауаилов,  «Тұрды-абад» тұрғын алабы, Дала базар көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – № 104  орта мектепте бала санының өсуіне байланысты, қосымша мектеп құрылысын жүргізсеңіздер.
Жауап: – №104 мектепке спорт зал, асхана, шеберхана соғу 2017 жылға жоспарлануда. 2016 жылы қалалық білім бөлімі тарапынан аталған объектілердің құрылысына жобалық сметалық құжат дайындауға өтінім беріледі.
13. О. Маханов, «Бадам-2» тұрғын алабы, Орталық көшесі, №26 үй тұрғыны:
Сұрақ– Жұлдыз тұрғын алабындағы №94 жалпы орта мектеп ескі, жаңа мектеп салуды қолға алсаңыздар.
Жауап: – Жұлдыз тұрғын алабындағы №94 мектепте 300 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «КазМедеоГранд» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың 20-тамызына аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.