Қақталған қауын бренд ретiнде ұсынылмақ

Пятница, 24 Июль 2015 05:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3786 раз

Облыстың бренді ретінде қақталған қауын өнімі «ЕХРО-2017» көрмесіне шығарылады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов  облыс әкімдігінде өткен өткен арнайы жиында мәлімдеді.  

wxx83lP0Ty1KPk3t3MY936cSko07V7Сондай-ақ, жиында өңір нарығын отандық тұтыну тауарларымен қамту мәселесі талқыланды. Мәжіліске тиісті сала басшылары мен өндіріс орындарының жетекшілері, кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының өкілдері қатысты.
«Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жүргізген талдауларға сәйкес бүгінде өңір нарығы 5,5 трлн. теңгені құрап, оның 29 пайызы азық-түлік тауарлары саудасы құраса, қалғаны бұл санатқа жатпайтын сауда-саттыққа тиесілі. Азық-түлік тауарларының өндірісі мен тұтыну көлемін айқындаған сарапшылар, бұл бағытта облыс аудан, қалаларында тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс жүргізуі тиіс жобалар тізбесін де жасақтаған. Талдау нәтижелерін сарапқа салған өңір басшысы басты міндет – импорттық тәуелділіктен арылу екендігін назарға алып, азық-түлік тауарларын өндіруде отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын тереңінен талдап, шығаратын тауар ассортименттерін айқындау және дайын өнімді сату нарығын белгілеуде атқарылатын жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі аграрлық шаруашылығы өркендеген өңірлердің бірі екендігіне көңіл бөлген облыс әкімі ішкі нарықты ауылшаруашылығы өнімдерімен жыл бойы қамту өзекті міндет деп белгіледі. Осы орайда ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймаларды заманауи талаптарға сәйкестендіріп, өнімдерді жыл бойы сақтауға және қажетті логистиканы дамытуға жағдай жасау керек деді. Ішкі нарықты қажетті өнімдермен жыл бойы қамтып отырған шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы облыстың бренді ретінде қақталған қауын өнімін «ЕХРО-2017» көрмесіне шығаруды ұсынып, осы бағыттағы жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.