Электронды билет жүйесiне көшiрiледi Избранное

Понедельник, 07 Декабрь 2015 05:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2732 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов Кореялық «Korea Smart Card» компаниясы өкілдерімен кездесті. Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Енді таяу арада жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізілуі 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.


5659e4b8c91ddАлдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Бірер ай ішінде, қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі.
«Korea Smart Card» компаниясы IT-консалтинг саласы және автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым болып табылады.
Естеріңізге сала кетер болсақ, аталған жүйе «Ақылды қала» жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар аударғандығын айтқан болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.