×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Киiз үй жабдықтарына сұраныс жоғары

Пятница, 18 Март 2016 05:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5032 раз

Әдетте Әз Наурыз мерекесі қарсаңында киіз үйге деген қажеттілік үлкен сұранысқа ие болып жатады. Ас беріп, ат шаптыруды жаны қалайтын ел азаматтарының сән-салтанаты жарасқан ақ ордалы үйге сұраныс жасап, ұлттық салт-дәстүрдің жаңғыруына өзіндік сеп болатын сәті де осы кез.

kiz uiШымкент қаласында кәсібін нәсіпке айналдырып отырған шағын кәсіпорынның бірі – «Спецукрытия» ЖШС-гі киіз үй бұйымдарын дайындаумен соңғы үш жылдан бері айналысып келеді. Жеке кәсіпкер Бақтияр Ташметов киіз үй бұйымдарына деген сұраныс жылдың қай мезгілінде де жоғары екенін айтады. Мұнда жылына орта есеппен 30-40 шаңыраққа қажетті бұйымдар дайындалады.
– «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы әлі күнге өркениетті қоғамда да қадір-қасиетін жойған емес, – дейді Б.Сайдығаниұлы. – Жалпы, ғылымда дәлелденген бір аксиома бар, не нәрсенің болсын бұрышы адамдардың көңіл-күйіне, ішкі энергиясына кері әсер етеді. Бұл ретте, қазақ халқының да «бұрышқа отырма» делінетін тыйым-ғұрыптары да осы қисынға сәйкес келеді. Ендеше, шеңбер тәріздес салынған киіз үй құрылысы адам баласын осындай жағымсыз әсерлерден алшақ етері сөзсіз.
Өз кезегінде, кәсіпкер сұраныс болған жағдайда қаншалықты көлеміне қарамастан, киіз үй бұйымдарын 2-3 күн уақыт ішінде дайындап шығаратынын жеткізді. Ол үшін қажетті шикізат Қытай елінен тікелей жеткізілуде. Кәсіпкердің айтуынша, киіз үйді күтіп ұстаудың өзі бір өнер. Бұл ретте, мекеме қызметкерлері киіз үй жабдықтарының ұзақ мерзімді жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында туырлыққа бұрнағы киізді емес, кенеп жапқыштарын жабуды ұсынады.
– Көпшілік ұзақ уақыт бойы жасаған киіз үйдің құнды тоқыма жабдықтарын бір жылға жеткізбей-ақ тоздырып жібереді. Қалалық жерде тұратындарға мұны сақтау қиынның қиыны. Пайдаланылмаған киізге бірден күйе түседі. Рас, киіздің сыз, суық өткізбейтін пайдасы орасан. Бірақ, біздің қалыптасқан жағдайда су өткізбейтін берік маталарды киіз үйге тұтыну тиімдірек. Бұл жиналған кезде киіз сияқты орын да алмайды әрі күйе де түспейді. Бүлінген жағдайда да қатты шығынға ұшыратпайды, – дейді ол.
Бүгінде мекеме қызметкерлері жасаған киіз үй жабдықтары, тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар ел аумағында үлкен сұранысқа ие болуда. Ең бастысы, жергілікті халық ұлттық өнерді дәріптеушілерге айрықша құрметпен қарайды.