Сайлау нормаларына назар аударыңыз

Пятница, 18 Март 2016 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4101 раз

Прокуратура өкілдері 20 наурыз күні өтетін сайлау науқанын ұйымдастыруда сайлау заңнамасының дәлме-дәл және бiркелкі қолданылуының заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде сайлау процесіне қатысушылар тарапынан қандай да бір елеулі бұзушылықтар тіркелмеген.
Жалпы, үгіт-насихатты қоса алғанда барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес өткізілген.
– Дегенмен, сайлау қарсаңындағы, сондай-ақ сайлау күні құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушыларының назарын заңнаманың келесі нормаларына аударамыз – деп хабарлайды Бас прокуратура. Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта, яғни, 2016 жылғы 19 наурыздағы 00.00 сағатта аяқталады (немесе 2016 жылғы 18 наурыздағы 24.00 сағатта). Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заңның 32-бабы). Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады. Әрбiр сайлаушының өзi дауыс беретінін атап өтеміз. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi (Конституциялық заңның 41-бабы).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.