БЕЙБІТ АТОМ ЕЛІМІЗДІ ДАМУҒА БАСТАЙДЫ
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:14Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысының төңірегіне топтасқан халқымыз жаңа Қазақстан мен Әділетті қоғам құрып жатыр. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осынау тарихи миссияны жүзеге асыру барысында алдымыздан кездесетін сын-қатерлер мен орындалуы тиіс міндеттерді көрсетіп берді.
ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ФАБРИКА ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:13Шымкент қалалық «Amanat» партиясының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Мадина» макарон фабрикасының қызметкерлерімен кездесті. Жұмысшы топтың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, бірнеше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:04Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам құру жөніндегі міндеттердің бірі ретінде әкімдердің барынша ашық, әділетті болуы тиіс екенін айтқан болатын. Расында қазір қоғам да, билік те ашықтыққа бет алып келеді. Әлеуметтік желі желдей ескен заманда әкімдердің әрбір іс-әрекеті, сөйлеген сөзі мен қабылдаған шешімдері қоғамның назарынан тыс қалмайды. Мұндайда әкім әмбебап болмаса қиын, ол саясаттың да қыр-сырын терең меңгеріп, шаруашылықты да ұршықша иіре білуі тиіс.
Осы орайда елдегі үш мегаполистің бірі болып отырған Шымкенттің жаңадан құрылған Тұран ауданының әкімі іскерлігімен танылып жүр. Оны Шымкенттегі ең жас әкім десек қателеспейміз. «Жас келсе іске» деген осындайда айтылса керек. Қашан көрсең ел ішінде жүргені. Өзі басқаратын ауданды жәй арлап жүрген жоқ, проблемалармен бүге-шігесіне дейін танысып, оларды шешу үшін білек сыбанып еңбек етіп жүр.
Ендеше, Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков мырзамен тығыз жұмыс кестесі арасында болған аз-кем сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.
ШЫМКЕНТТЕН ШЫҒАТЫН ШЫНЫЛАР
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:02отандық нарықтан импорттық өнімдерді ығыстырып шығарды
Біреу білсе, біреу білмес, бәріміз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген шыны банкілер, ішімдік пен сусындарға арналған шыны бөтелкелердің біраз түрі Шымкентте шығарылады. Аталған өнімдерді өндіретін «ЕвроКристалл» ЖШС. Серіктестік зауыты қала іргесіндегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан.
АУАНЫ ЛАСТАҒАН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:01Шымкентте 4 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылып, 4 кәсіпорынның жұмысы сотта қаралуда. Бұл жөнінде 2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Департаменттің атқарған жұмыстарына тоқталған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев баяндады.
“Аэс - жасыл экологияға жол”
Вторник, 17 Сентябрь 2024 09:23Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.
Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.
Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС - жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
“Шымкент келбеті”
Цифрландыру кезінде электр энергиясы маңызды стратегиялық ресурс
Вторник, 17 Сентябрь 2024 09:20АЭС салу алдағы уақытта референдум арқылы шешілмек. Алайда оған мұқтаждықтың бар екенін жасыра алмаймыз. Бар мәселе энергия тапшылығынан басталып тұр.
Мысалы, Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 70 пайызға жуығы электр стансаларының үлесінде. Кеңес Одағы кезінде салынған Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Ақсу ГРЭС-і сияқты ірі кешендер көмірмен жұмыс істейді.
Олардан атмосфераны ластайтын заттар көп бөлінеді.
Сондықтан пайдалы қазбаларды пайдаланудан бас тартып, таза энергетикаға, яғни атом энергетикасын көшу қажеттігі туындап тұр.
Ал атомдық станция жел мен күн станцияларына қарағанда тиімді екендігі айтылуда.
Оның үстіне электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сол себепті атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жолы болып тұр.
Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүріп жатыр, бұл жағдайда электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатындығы хақ.
Энергетикалық қауіпсіздік – бұл ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі. Негізі біз әлі сырттан келетін энергияға тәуелдіміз. Тәуелділіктің салдарынан кейбір өндірісті биік шыңға шығара алмай отырған жайымыз да бар.
Бұл әрине ойланатын нәрсе. Атом электр станциясын салу халық талқысына салынуы да осыдан.
Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, қоғам қайраткері
АЭС елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады
Понедельник, 16 Сентябрь 2024 10:01Еліміздің энергетикалық дамуын арттыру жолында Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу мәселесі қазіргі таңда қоғамдық талқыға түсіп жатыр. Әрине әртүрлі пікірлер, әртүрлі көзқарас болады. Алайда елдегі өндірістік әлеуеттің дамуын, экологиялық жағдайдың тұрақтылығын ойласақ, бұл мәселе халықтың қолдауын қажет етеді. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында бұл жөнінде кеңінен әрі нақты айтылып, 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылданды. Жалпы, АЭС құрылысын салу жобасы жайлы сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар тарапынан нақты тұжырымдар айтылуда.
Нақтырақ айтқанда, АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамып, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкеледі. Қалай десек те, қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғаны шындық. Келешекте электр жарығының тапшылық қаупі төніп тұрған жағдайда АЭС салудан бас тартпауымыз қажет.
Егер адам баласына күннің жарығы мен жылуы қандай қажет болса, АЭС-те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіміз үшін сондай қажет. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Пайдасы, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Тағы бір пайдасы, АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасы көтеріледі.
АЭС-тар заманауи әлемдегі электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Әлемде таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген.
Талғат ИСАХОВ, кәсіпкер