460730868 18030193157201233 6389339971787397743 n

БүгінШымкентқалалыққоғамдықкеңесмүшесіРүстемАшетаев «Шымкентқаласыныңгазтехникалыққызметі» мекемесіндеболып, мекемеқыметкерлеріарасындаАЭСсалумәселесінталқылап, тақырыптыортағасалды.

Атом электр стансасын салу – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Еліміздегі энергия ташылығын, электр энергиясын тұтынудың өсуін ескерсек, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа түрін енгізу керек. Әзірге мамандар энергия ташылығына АЭС салу шешім болады деген пікірде. Осыған орай қызметкерлердің пікірін тыңдап, келе жатқан референдумға белсенді атсалысудың маңызын жеткізген Рүстем Есімханұлы да сараланған өз тұжырымын жеткізді.

– Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазан күні болатын референдум өтетінін айтқан болатын. Әрине, бұл өте маңызды шара. Өйткені референдум арқылы біз халық үніне құлақ асып, азаматтардың АЭС салу мәселесін қаншалықты қолдайтынын көреміз. Осы науқанда барынша белсенді болып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Сонда ғана мемлекеттігіміз, біртұтастығымыз көрінеді. Өз тарапымнан атом энергетикасын пайдалануда энергия көзін дұрыс өндірудің қатаң стандарттары мен халықаралық бақылау сақталады, сондықтан да ол қауіпсіз болып саналады. АЭС құрылысы басталмас бұрын жан-жақты зерттеу, лицензия алу және экологиялық сараптама сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады. Атом энергиясы – ең озық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық, экологиялық таза және қауіпсіз сала. Ол қазіргі ғана емес, сонымен қатар орта мерзімдегі климаттық мәселелерді шешуге қажетті бағыт дегенді айтқым келеді, – дейді қоғам белсендісі.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері талқылау барысында туындаған сұрақтарға жауаптарын алды.

«Шымкент келбеті»

Орнықты дамудың кепілі

Четверг, 19 Сентябрь 2024 12:52

WhatsApp Image 2024-09-19 at 17.50.36

АЭС құрылысын бастау-бастамау бүгінде Қазақстандағы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Жұрттың басым көпшілігі мемлекет қажеттілігін түсініп референдум өткізуді қолдағанымен, өз уәжімен қарсы шығатындар да бар. Ол үшін ешкімді жазғыруға болмас.

Олардың үрейленетін кейбір себептері бар. Әлемде ядролық сынақтардың зардабын әбден тартқан екі халық болса, соның бірі – қазақ. Қылышынан қан тамған Кеңес империясы қазақ даласын түрлі қаруларды сынайтын ашық полигонға айналдырып жіберді. Ең ауыр тигені Семейдегі ялролық полигон. Ағзадағы ақ қан талай боздақтарды жұтты. Мыңдаған адам жастайынан мүгедек болып қалды. Әлі де зардабын тартып жатқандар бар.

Бірақ, атом станцияясын ядролық қаруды сынаумен шатастыруға болмайды. Бүгінгі Қазақстан «бүл болмасаң күл бол» дейтін қанқұйлы Кеңес үкіметі емес. АЭС-ты салуда халықтың қауіпсіздігі бірінші орында тұр. Әлемде төрт жүзден астам атом реакторлы станциялар болса, жаңа технология, ғылым жетістігі оларды барынша қауіпсіз еткен.

Бүгінде әлемде электр қуатына, басқа да баламалы отын көздеріне қажеттілік жыл сайын артып келеді.

Біздіңмемлекетбұлмәселенікөміржәнекөгілдіротынменшешіпкелді. Алайда, бұның тығырықтан шығудың амалы еместігін бүгінгі жағдай әбден көрсетіп келеді. ТЭЦ-тің көбі апаттық жағдайда. 60-70 пайызының тозығы жеткен. Екібастұздағы жылу қазандығы қыс ортасында жарылып, мыңдаған адам қақаған қыста жылусыз қалды. Ондаған млрд. қаржы салынған Кентау жылу орталығы да жамау-жасқаумен күн кешіп келеді. Оның үстіне атмосфераға 300 мың тоннадан астам күл шығарылатындықтан экологтар дабыл, қағып отыр. Сондықтан да 2026 жылдан бастап ауаны ластайтын көміртекті отынға айыппұл салу әлемде күн тәртібінде тұр.

СонауБейнеудентартқан «Сарыарқа» газмагистралыөндірістікқажеттіліктіақтайалмайтындығыбелгіліболды. Тұрмыстық деңгейінде ғана қауқарлы. Ал, Оңтүстік өңірі Өзбекстан көгілдір отынына тәуелді. Күн, жел жасыл энергиясы табиғатқа әбден қатысты болғандықтан қажеттілікті толық қанағантандыра алмайды.

Бір жол бар. Сенімді жол. Ол Қазақстанда АЭС-ын салу. Әлемнің озық мемлекеттері халықтың пікірімен санаспай, референдум өткізбей-ақ атом реакторларын салып жатыр.

Ал, біздің Мемлекет Басшымыз референдум өткізуді ұсынды. Өз басым қазақтың төл перзенті әрі патриоты ретінде АЭС-ын салуды толық қолдаймын. Бұл-болашақтың баяндығына жасалған нық қадам.

 

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
қоғам және мемлекет қайраткері

c15cfc80-3251-4c19-9828-4b8c589bb83a

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Энергетика – адамзаттың болашағы» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиында АЭС салу мәселесі талқыға түсті. Оқу ордасының шәкірттері белсенділік танытып, көкейдегі сауалдарын қойды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Басқару» қоғамдық қорының жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы еліміздегі энергетика саласындағы мәселелер, АЭС салудың қажеттілігі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Әлем елдеріндегі энергетика тапшылығын шешу жолдары, қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларда азаматтардың белсенділік танытуы, тағы басқа жағдайларға тоқталды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Елімізде республикалық реререндум төртінші рет өтпек. Біздің қоғамдық қор қазіргі таңда аталған маңызды іс-шараларды халыққа жан-жақты түсіндіруді қолға алды. Осы ретте АЭС-тің қажеттілігі және референдумның маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп келеміз. Бүгінде дамыған мемлекеттер АЭС салудан бәсекеге түскен деп айтуға болады. Бізде де соңғы уақыттары энергетика тапшылығы сезілуде. Энергетика саласында әлі де көмірді пайдаланамыз. Сол себептен, алдағы уақытта стратегиялық мақсатта АЭС салу қажеттілігі туындап тұр, – дейді сарапшы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Еркін форматтағы басқосуда жастар АЭС-тің экономикаға қосар үлесі, экологиялық ерекшелігі туралы. сауалдарын қойды. Қазіргі уақытта Жастар ресурстық орталығы қаладағы ЖОО мен колледждерде АЭС-тің қажеттіліктерін жастарға насихаттау, референдумге шақыру мақсатында кездесулер өткізуде. Бұған дейін Орталық Азия инновациялық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ және тағы басқа колледжерде студенттермен аталған мәселелер талқыға түскен еді. Жоспарлы іс-шара осылайша ОҚМА-да жалғасын тапты.⠀⁣⁣⠀

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру шараларымен танысты.

ministr

Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды.

akimBr

Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды.

akimBr

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Департамент басшысы лауазымына Қанат Турсымбайұлы Сулейменов тағайындалды. Осы мақсатта қалаға Агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов арнайы келді.

tagaindau

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазіргі заманғы технологиялар мен инвестициялар. Қазақстан Республикасының аумақтық экономикаларын дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Талқылауға алты шетел мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары да үлес қосты.

shummm

Страница 31 из 922