Қазына қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 207 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Конституция күніне арналған негізгі іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы мен жобалық офистің жұмыстары талқыланды.

akiMmm

 

Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек Конституция күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны таныстырды. Мереке қарсаңында бес ауданда 20 іс-шара ұйымдастырылады, салтанатты жиындар Нұрсәт өнер мектебінде, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, Шымсити саябағы мен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда және Оқушылар сарайы мен Түркістан сарайында өтеді. Қала әкімі салаға жауаптыларға еліміздегі елеулі күнге арналған іс шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырма берді.
Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев қаңтар-шілде айындағы бюджеттің атқарылу қорытындыларын баяндап, қаржыландыру жоспарын талдап, игерілмеуі мүмкін қаражатты қысқартуды, тиімді салаға бағыттауға бюджеттік нақтылауға ұсыныс беруді, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеуді ұсынды. Қала әкімі аудан, сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шұғыл, оңтайлы шешуді назарға алу қажеттігін ескертті. Қала тазалығын қамтасыз етуді, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау қажеттігін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз
қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.