Қиын сәтте жұдырықтай жұмыла білдік Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 218 раз

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашев халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін Шымкент қаласына арнайы келіп, бірнеше нысандарды аралады.

ParuasH

 

Халық қалаулысы сапарын №35748 әскери бөлімінде бастады. Оған себеп, табиғи апаттардың алдын алуға үлес қосқан азаматтарымыздың еңбектерін айшықтап, құрмет көрсету мақсатында «Ақ жол» партиясының бастамасымен әзірленген «Апатпен күрескені үшін» деген арнайы төсбелгіні тапсыру болатын.
Осыған орай, Азат Тұрлыбекұлы бастаған «Ақ жол» партиясының өкілдері су тасқыны кезінде Атырау облысы Есбол, Еңбекшіл, Ақжайық, Ақтоғай елді мекендерінде су тасқынымен күресуде елеулі үлес қосқан Шымкент қаласы №35748 әскери бөлімінің сарбаздарын марапаттады.
– Ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмыла білдік. Бірнеше апта бойы құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер, медицина қызметкерлері және басқалар күндіз-түні қиын жағдайда отандастарына көмектесу үшін аянбай еңбек етті. Қиын кезде еліміздің әрбір тұрғыны бірліктің, жанашырлықтың және бір біріне деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Бүгінгі мына жас сарбаздарға Атырау облысының алғысын арқалап келіп қалдық. Сарбаздар құм салған қаптарды төсеп, жағалауды нығайту жұмыстарымен айналысты. Соғылған бекеттердің арқасында 20 мыңнан астам тұрғыны бар 14 елді мекенді су басудан аман алып қалуға мүмкіндік туды, – дейді Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қайырбек Баймұратов.
«Ақ жол» партиясының төрағасы сапарын Шымкент қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Нұртас шағын ауданында салынып жатқан 2000 орындық білім ордасының құрылыс барысымен танысумен жалғастырды.
Партия мүшелері құрылыстың қарқыны мен сапасына оң баға беріп өтті.
Сонымен қатар, Азат Тұрлыбекұлы "Бизнеске арналған үкімет - Shymkent INVEST" кеңсесінде де болып, орталық жұмысымен танысты.
Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» қағидасы негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетіліп келеді.
– «Ақ жол» демократиялық партиясы бизнес партиясы ретінде, әсіресе, экономика жөніндегі ұсыныстарды толық қолдайды және оларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын. «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекет басшысының Жолдауда айтқан барлық тапсырмаларын қолдайды, бизнес партиясы болғандықтан, бізге, әсіресе, ондағы экономика және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы бастамалар аса маңызды көрінеді, – деген Азат Тұрлыбекұлы сапарын "ЗЕРДЕ-Керамика" ЖШС керамогранит тақтайшасын шығаратын зауытта жалғастырып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қызметкерлерімен кездескен депутаттар, 200-дей адамды жұмыспен қамтып отырған зауыттың басшысы Қанат Битеміровты ұзақ жылғы еліміздің экономикасына қосқан үлесі үшін «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапаттады.
Айта кетейік, жылына қуаттылығы 2 млн. шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, өңір халқын жұмыспен қамтып отыр. «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері бүгінгі таңда жайлы мектептердің құрылыс жұмыстарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.