ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1369 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралауы барысында Достық шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Азаматтармен бірге асфальт төсеу, ішкі орам көшелерін жарықтандыру және қоғамдық көлік бағытын оңтайластыру сынды бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Шаһар басшысы жауапты мамандарға тұрғындармен бірге көшелердің тізімін жасап, алдағы жоспарға енгізуді тапсырды.

AkiMM

 

Сонымен қатар, қала әкімі халыққа қолайлы жағдай жасау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан Бәйдібек би мен Алпысбаев көшелерін қосу жұмысын бақылады және Әл-Фараби алаңына жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарымен танысты.
Бұдан бөлек, Ғ.Сыздықбеков Еңбекші ауданы Елшібек батыр көшесінде салынып жатқан саябақ құрылысын пысықтады. Мердігер компания өкілдеріне барлық жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтау және жасыл желекті суару жүйесіне баса назар аудару керек екенін жеткізді.
Ғабит Әбдімажитұлы Әл-Фараби ауданындағы «Фосфоршылар» мәдениет сарайының ғимаратын бұзу жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда «Фосфоршылар» ғимаратын бұзып, орнына жаңа мәдениет сарайын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Айналасын саябақ, аллея, субұрқақ пен заманауи ойын алаңдарын құру арқылы абаттандыру жоспарланып отыр.
Шаһар басшысы одан әрі Теріскей шағын ауданындағы тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Әңгімелесу барысында азаматтарды басқару органын – жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құруға шақырды.
Аралау соңында қала әкімі №4 шағын аудандағы жаңа саябақ құрылысына арналған аумаққа барды. Бұған дейін жергілікті тұрғындар ескі автотұрақ пен қоқыс алаңының орнындағы иесіз жерді абаттандыруды сұраған еді. Осыған байланысты мегаполис басшысы аудан әкімі мен салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.