МӘЖІЛІСМЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1397 раз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда, Шымсити шағын ауданында «Дамдес Отау» тұрғын үй кешеніндегі өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген тұрғын үйдің сапасын тексерді.

depytat

 

Көпқабатты тұрғын үй 2021 пайдалануға берілген. Кездесуде тұрғындар үйдің сапасына қатысты бірқатар кемшіліктерді жеткізіп, шағымдарын айтты. Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама арқылы алған баспаналары талапқа сай емес. Тұрғындарды осындай тығырыққа тіреген – Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы. Ал, құрылысты «Дәмдес» ЖШС-і жүргізген.
Жиынға қалалық орта сапасы және бақылау, құрылыс басқармасы, жауапты мердігер мекеме өкілдері қатысты. Жауапты мердігер мекеме өкілдері кепілдік мерзімі бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.
Мәжіліс депутаты тұрғындарға аталған мәселелерді шешудің жолдарын түсіндіріп, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшыларына бірқатар ұсыныстары мен талаптарын айтты.
Ендігі ретте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы анықталған кемшіліктер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жауапты мердігер мекеме өкілдеріне де кемшіліктерді ретке келтіруге тиісті уақыт берілді.

Ә.АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.