ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ ҚАМЫМЕН ЖҮРГЕНДЕР Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1332 раз

он жылдығын атап өтті

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған іс-шараға салық және кеден саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

TamiSAA

 

Қала әкімі шаһарда жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасы үшін жұмыс атқарып жүрген әрбір қызметкерге алғысын айтты.
Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру - мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды.
Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бейбіт Қарымсақов салық жүйесіндегі оң жетістіктер бойынша баяндама жасады.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.