Жастарға тегін кеңес берді

Понедельник, 15 Июль 2024 10:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2364 раз

jastarga-tegin-kenes

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Арбат» демалыс аймағында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімдер арасында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Профилактикалық іс-шарада қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ,   ЖИТС-тің алдын алу мен онымен күрес орталығы қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында жастар арасында спорттық сайыстар өтті. Белсенділік танытқандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен 24-30 маусым аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Іс-шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.