Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев ашып, жүргізіп отырды.

assam

ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Среда, 17 Январь 2024 04:58

Шымкент қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектептің лентасы қиылып, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Жаңа білім нысанының салтанатты ашылу рәсіміне қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Шатырхан Керімбеков, ардагерлер, белсенді азаматтар қатысты.

mektep

ЖОЛДАМА ҮШІН ЖАНТАЛАС

Пятница, 12 Январь 2024 05:03

Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аз уақыт қалды. Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығына жоспарланған. Жолдама берер жарыстар өткен жылы басталған-тын. Азия ойындарында да бірқатар ел спортшылары лицензияға қол жеткізген. Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық құрамасы спорттың 8 түрінен 17 жолдаманы (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастика) жеңіп алды. Ал Шымкент қаласы спортшыларының мүмкіндігі қандай? Кімдерге үміт артамыз?

sport-1

ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ

Среда, 10 Январь 2024 04:02

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Тұран шағынауданында салынып жатқан «Оқушылар сарайының» құрылыс жұмысымен танысты.

akimatt-2

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ғылыми-теориялық конференция өтті. Сонымен қатар, жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсауы кесілді.

Abai

Жеңісті жолды жалғайтын жампоз

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:04

Таяуда Венгрияның Будапешт қаласында каратэден әлем чемпионаты өткен-ді. Бұл сында отандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге иелік етті. Шымкент қаласының дарынды спортшыларының бірі Қайсар Алпысбай 60 келіде күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміз 2023 жылы жарқын жеңістерге қол жеткізді: 4 халықаралық турнирде, Азия чемпионаты және Азия ойындарында топ жарып, әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Біз спортшының жеңісті сәттеріне және қаладағы каратэ спортының дамуына тоқталғанды жөн көрдік.

862

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:52

«Ордабасы» футбол орталығының жаңарған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жаңа нысанның тұсауын кесіп, ізгі тілектерін жеткізді.

810

Шаһарда Қонаев даңғылының жалғасы Оңтүстік бағытқа қарай, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда. Қазіргі таңда 1-ші, 3-ші, 4-ші кезең жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспары бар. Қалада жол құрылысында атқарылған жұмыстар бойынша кезекті баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шарада атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспармен таныстырды.

606

Страница 13 из 87