«Қазақстан – бейбiтшiлiк бесiгi» Избранное

Вторник, 02 Декабрь 2014 02:53 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4154 раз

CA3491A9-7986-473F-AF5D-E5EB36FC58EA mw1024 s nҚазақстан – Мәңгілік ел. Тәуелсіздіктен асқан бақыт та, байлық та жоқ. Ел түзелді, әлеует артты. Елбасы Тәуелсіздіктің  небір нәубет жылдарында халықты тығырықтан аман алып шықты. Мұны бүгінде әлем елдері біледі. Әлем қауіп-қатерлердің алдында тұр. ҚР Тұңғыш Президенті кезекті Жолдауында да осыны жеткізді. Әлемдік саясатта табанының бүрі жоқ елдер тайып жатқаны да рас. Бүгінгі жағдайда елдің ынтымағы, бейбітшілік маңызды. Алдымен экономика, одан кейін саясат деген қағиданың дұрыстығына көз жеткіздік. ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Елбасы бұл заңдылықтың құдіретін ерекше түсінетін әлемдегі бірден-бір басшы.
Қазақ елі сыртқы саясатта да төрт аяғын тең басқан жорғадай желіп келеді. Геосаяси мәселелерде сауысқандай сақтық керек. Әлемді уысында ұстап тұрған аждаһалар әрбір қимылды аңдып отырғаны белгілі. Халыққа арнаған Жолдауда Елбасы: «Мен  өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді» демеп пе еді?!
Шетелдік саясаткерлер, беделді тұлғалар да Елбасының осы қасиетін құрметтейді. Президенттің әрбір батыл бастамасына бағасын беріп, пайымын білдіруге құмбыл. Жуырда ғана АҚШ-тың әйгілі «Вашингтон Пост» газеті «Қазақстан «Қазақ еліне» айнала ма?» атты мақала жариялады. Мәңгілік Қазақстан елінің басшысы Н.Назарбаев мемлекет атын өзгерту үшін «Қазақ елі» атауын ұсынды. Ол инвесторлар мен туристер үшін тиімді. Мәселен, екі миллион халқы бар Моңғолияға туристердің қызығушылығы зор. Бір анығы, Президенттің ұсынысты халықтың талқысына салу керектігін айтқаны өте дұрыс.  Дегенмен, халықтың үштен бір бөлігін құрайтын өзге ұлт өкілдері де мұны талқылай алады» деп жазады «Вашингтон Пост» газеті. Мұндай мысалдар көп. Ал, Елбасы туралы әлем саясаткерлері не дейді?

Маргарет ТЭТЧЕР,
Ұлыбританияның
бұрынғы премьер-
министрі:

– Мен Қазақстан Президентінің бүгінгі күні өзіміз ұшырасып жүрген проблемаларды талқылау үшін алуан түрлі діни нанымдардың соншама көп өкілдерін шақыру жөніндегі бастамашылығын барынша құптаймын. Мұндай Форум өткізу үшін бірде-бір ел дәл Қазақстандай қолайлы бола алмас еді. Тәуелсіздік алған сәттен бері де Сіздің көреген саясатыңыз еліңізді бостандыққа апаратын сара жолға түсірді. Уайымшылдар, сірә, Сіздің еліңіздің этностық және діни сан алуандығы алауыздық пен араздық туғызып, Қазақстанды әлсіретеді деп ойлаған болуы да мүмкін. Бәрі де керісінше болып шықты. Қайта сан алуандығының арқасында Қазақстан көркейе түсті, қайта сан түрлі дәстүрлері мен діни нанымдарының байлығы арқасында қуаттана түсті. Сіздер басқаларға өнеге болып отырсыздар.

Ху ЦЗИНЬТАО,
ҚХР бұрынғы
Төрағасы:

– Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылығыңызбен еңбек сүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай – Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.

Пан Ги МУН,
БҰҰ-ның Бас хатшысы:

– Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.

Эмомали РАХМОН,
Тәжікстан
Республикасының Президенті:

– Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының даусыз басшысы.

Ислам КАРИМОВ,
Өзбекстан
Республикасының Президенті:

– Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихының бетбұрыс сәтінде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысына басшылық еткен аса көрнекті мемлекет қайраткері деп біледі. Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткізгісіз деп біледі. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар әрдайым тарихымыздың, мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің жақындығына негізделіп келеді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.

 

Последнее изменение Вторник, 02 Декабрь 2014 03:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.