Бiрлiктiң бесiгi, татулықтың тұтқасы болған «Ынтымақ» Избранное

Пятница, 13 Февраль 2015 03:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4822 раз

Татулықты ту еткен облыстағы «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталықтың орны бөлек. Облыстағы түрлі кездесулер, конференциялар, концерттер мен қайырымдылық шаралардың бәрі «Ынтымақтың» қатысуынсыз өтпейді. Этномәдени бірлестіктердің басын қосып, түрлі ұлттың бірлігі мен достығына ұйытқы болған орталық Елбасының салиқалы саясатын насихаттап келеді.

DSC 0545Қазіргі таңда өңірде 20 этномәдени бірлестік бар. Олардың аудан, ауылдарда 51 филиалы жұмыс істейді. Орталықта этнос өкілдері төл мәдениетін дамытып, тіл үйренумен шектелмейді. Өнерін өрлетушілерге де кедергі жоқ. Би, қолөнер, көркемөнерпаздар үйірмелері таланттарға бағыт сілтеп жүр.
– Мен үшін этноаралық орталықтың орны бөлек. Бір үйдің баласындаймыз. Қай этнос өкілімен тілдессеңіз де, қазақ тіліне шорқақтық танытпайды. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Жылдың достық пен татулыққа арналуы бірлігі жарасқан халыққа құрмет қой. Мемлекетімізде орныққан ұлтаралық келісімді одан әрі нығайта түсуге ықпал ететін тетіктер көп. Олардың барлығы да жоғары мәнге ие. Мен Президенттің бастамасын жоғары бағалаймын. Ұлтаралық келісімнің нығаюы үшін әрқашан қолдау білдіреміз, – дейді «Ынтымақ» этнос аралық бірлестіктің мүшесі Шарапат Құрманбекова.
Иә, бірлестік мүшелері сан қырлы мамандық иелері. Есепші де, кәсіпкер де, өнер адамдары да бар. Басым бөлігі-зейнеттегі ұстаздар. Соған қарамастан сахнаға сыралғы. Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, елдегі бірлікті, татулықты ән арқылы жеткізеді. Бұл күнде Ассамблеяның 20 жылдығына дайындық қызу. «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепованың айтуынша, Ассамблея жылын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліпті. Өткізілетін іс-шаралар жоспарының ең маңыздысы — Президенттің «Нұрлы жол» атты Жолдауын Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен қолдауға арналған мерекелік шаралар облыс деңгейінде ұйымдастырылады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен Ассамблея мүшелерінің қатысуымен Жолдауды насихаттау, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізілмек. Этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрі мен тілін дамыту мақсатында ұлттық мәдени бірлестіктер арқылы жұмыстар өз жалғасын табады. Сондай-ақ, орталық жанынан құрылған «Аналар» кеңесі этнос өкілдерімен түрлі мерекелік іс-шаралар мен байқауларды ұйымдастырып отыр.
Биыл орталық жаңа ғимаратқа қоныс аудармақ. Бұрынғы «Қазақстан кинотеатры» енді «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі аталады. Қазір мұнда жаңа ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Қараусыз қалған нысанның кәдеге жарағанына орталықтың қызметкерлері де қуанышты.

Последнее изменение Среда, 18 Февраль 2015 09:17
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Менің елім - Мәңгілік ел Жәнiбек хан »