Менің елім - Мәңгілік ел Избранное

Пятница, 13 Февраль 2015 03:44 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5916 раз

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл. Елбасының идеясымен құрылған бірегей институт бүгінде тұрақтылықтың үлгісін танытты. Әлемді мойындатты. Еліміздің дамуына, мемлекетіміздің нығаюына үлес қосты. Достыққа – дәнекер, ұлағатты істерге – ұйытқы болған. Ассамблеяның – 20 жылдығын атап өту аясында іс-шаралар бастау алды.

IMG 0252Түркістаннан бастау алған «Қазақстан халқы ассамблеясы – 20 ізгі іс» атты эстафетаның символы Тайқазан Астанаға жол тартқан еді. Елордада басталған салтанатты синхрон-акция еліміздің барлық өңірінде бір мезетте өткізілді. Халықтың сипатқа ие шараны шымкенттіктер де атап өтті.
Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, қала әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, өңірдің танымал спортшылары мен жастары қатысты.
Салтанатты шара жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдында Оңтүстіктің саңлақ спортшыларының Ассамблея жылының туын көтеру рәсімімен басталды. Сондай-ақ 600-ге жуық жастар флешмоб арқылы қоғамдық келісімді қолдайтындарын жеткізді. Мұнан соң мерейтой рәсімі Түркістан сарайында жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

IMG 0246Елбасының құттықтау сөзінде ең басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналатыны, еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керектігі айтылған. Биыл «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы мақсаттарға жеткізген нақты істер мен жетістіктер жылы болады. Біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға тырысамыз. Ассамблея жылы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жыл ортақ тағдыр мәңгілікке біріктірген халық татулығын паш ететін жыл. Басты идеясы «Менің елім – мәңгілік ел». Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын! – делінген Елбасы Н. Назарбаев құттықтау сөзінде. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары биылғы жыл Қазақстан тарихында айрықша маңызға ие мерейтойлар жыл екеніне, ел бірлігін тағы бір айқындайтын кезең екеніне тоқталды.
– Қазақ елі әлемге тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Қасиетті мекенді талбесікке бөлеген сан ұлт өкілі елдің ажырамас бөлігіне айналды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. 1995 жылы құрылған Ассамблея ел игілігі жолында көптеген жұмыстарды атқарды. Ел мүддесіне қызмет етіп, бір мақсатта жұмыла білді. Құрмет пен ізгілікті, жарастық пен келісімді, ұлтаралық татулықты насихаттауда Ассамблеяның жұмысын жоғары бағалаймын. Бірлік пен тұрақтылықтың үлгісі болған еліміз өсіп, өркендей берсін, – деді С. Тұяқбаев.
Сондай-ақ, салтанатты жиында «Оңтүстік Қазақстан облысының «Славян этномәдени бірлестігінің» төрағасы Юрий Кирюхин, «Өзбек этномәдени бірлестігінің» төрағасы Икрам Хашимжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанатымен құттықтады. Мұнан соң этномәдени орталықтың өкілдері концерттік бағдарламасын жұртшылықтың назарына ұсынды.
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы көптеген жобалармен есте қалмақшы. «Менің елім – мәңгілік ел» ұранымен өтетін шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым!» республикалық жобасы, «Мың бала» мәдени-ағарту мега-жобасы, Еңбеккер әулеттер арасындағы «Армандаған мамандық» атты үздік ғылыми жоба, «Жүректен жүрекке» және «Мейірімділіктен бірлікке» атты әлеуметтік жобалар сайысы ұйымдастырылады. Конкурс желтоқсан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының форумында қорытындыланады.

Последнее изменение Пятница, 13 Февраль 2015 04:07
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.