РУХТЫ АҚЫНҒА – ҰЛЫҚТЫ ҚҰРМЕТ Избранное

Среда, 29 Май 2024 05:26 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 990 раз

AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы «Кітап-Amanat» партиялық жобасы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына орай кездесу кешін өткізді. Әдеби кештің әсерлі өтуіне Абай атындағы орталық кітапханасы да атсалысты.

Kuibibi

 

Кездесуге келушілер алдымен Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады.
Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ақынның қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, шынайы ыстық ықыласын жеткізді.
– Сізді қазақтың көрнекті ақыны, қазақтың қайсар қызы ретінде ерекше құрметтейміз. Әдебиет әлемінде өзіндік орны бар мықты тұлғасыз. Сіздің өлеңдеріңізден Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігіңіз сезіліп тұрады. Бабаларымыздың асқақ рухы мен ұлағатты танымын бойына терең сіңірген азамат ретінде әрдайым парасат биігінен көрінуіңізге тілектеспін. Елдің болашағы үшін жасап жүрген қадамыңыз жемісті де, жеңісті болсын! – деді Жанар Әлібекқызы.
Жиынға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі, ақын Бөрібай Оразымбет, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сарманбай Исақ, айтыс ақыны Анар Жаппарқұлова, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі, ақын Марғуба Мұхтарқызы, партия жанындағы «MIRAS» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Кеш барысында «Жас қаламгер» клубының мүшелері ақынға арнау айтса, енді бір тобы өлеңдерін оқып, қонақтар кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді.
Оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген кеш иесі де руханиятқа толы әңгімелерін айтып, ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғысын айтты.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.