Бiз – ұлы даланың перзенттерiмiз Избранное

Пятница, 10 Июль 2015 06:28 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 15412 раз

Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Ен­деше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа.

Н.НАЗАРБАЕВ


uly dala

Астанадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысуымен еліміз­дегі «Нұрлы Жол» және индустриялық-инно­вациялық даму мемлекеттік бағ­дарламаларын жүзеге асыруға арналған дәстүрлі телекөпір өтті. Іс-шара барысында аталған бағдарламалар бо­йынша Үкіметтің есебі тыңдалып, жаңа өндіріс орындары таныстырылды. Бұл іс-шараны еліміздің телеарналарынан тікелей эфир арқылы миллиондаған тұрғындар тамашалады.
Осылайша елімізде осыдан бес жыл бұрын басталған индустрияландырудың бірінші бесжылдығы қоры­тын­дыланды, екінші бесжыл­дық жарияланды. Елімізді индустрияландыру ісіне Елбасының халыққа арнаған Жолдауында жарияланған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатында ойластырылған істер ерекше екпін беріп отыр. Осының нәтижесінде аса ауқымды ин­фра­құрылымдар қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Телекөпір барысында ашылған нысандар, таныстырылған жобалардан ел хабардар. Дегенмен, өңірімізге қатыстыларына тағы бір тоқталсақ.
Шетел инвестициясы арқылы Оң­түс­тік және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа ауыл шаруашылығы техни­ка­сының өндіріс орындары жұмыс істейтін болады. «KAZ KIOTI» компаниясы Оңтүстік Кореяның «Даедонг» компаниясымен бірігіп шығарған трактор егістік жерлер мен мақта теріміне, бау-бақша өсіруге пайдаланбақ. «KAZ KIOTI» ЖШС басқарушы директоры Бахтиер Маматовтың мәлімдеуінше, өзі шағын және өнімді, бағасы да қымбат емес трактор отандық нарықтан басқа 2017 жылдан бастап көрші елдерге сатылатын болып жоспарланыпты. «Бұл корейлермен бірлескен «KazKioti» компаниясының алғашқы өнімі. Жобаға 7 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Жылына 5000 дана ауыл шаруашылығы техникасын шығара аламыз. Биыл 600 трактор шығарамыз және 400 жұмыс орнын ашамыз. Біздің жоба «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында құрылып жатқан жаңа индустриялық аймақта сәтті жүзеге асырылды», – деді Б. Маматов. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жоба­сы да кестеге сай іске асырылуда. 2016 жылы дәлізді қайта жаңартуды толығымен аяқтау жоспарлануда. Аталған жобаның аясында Қазақстан тарихында алғашқы автожол туннелі салынуда. Оның ұзындығы 940 метр, ол Шымкент пен Тараз қалалары арасындағы Шақпақ ата асуы арқылы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді. Айта кетелік, телекөпір барысында сөз алғандардың барлығы Елбасына «Нұрлы Жол» бағдарламасы үшін алғысын білдірді.
Іс-шараны қорытындылаған Мемлекет басшысы  «Нұрлы Жол» бағдарламасы өнеркәсіпті және қызмет көрсету саласын жан­дандыруға да мүмкіндік бере­тінін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемге танытатындай бірегей брендтің жетіспей тұрғанын тілге тиек етті. «Әдетте, Жапонияны – күн­шы­ғыс елі, Кореяны – таңғы шық елі, Нидерландыны – қызғалдақ­тардың отаны, Қытайды – аспан асты елі деп жатамыз. Қазақстанға да осындай атаулы бренд жетіспейді. Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Ен­деше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа, –  деді Елбасы халықпен ой бөліскендей болып. – Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек».

Последнее изменение Четверг, 23 Июль 2015 04:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.