Кiтап – жетiстiкке апаратын жол

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:06 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6790 раз

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап оқу – жетістікке апаратын жол» атты бағдарлама аясында Шымкент қаласының Құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдехановпен кездесу кеші өтті.

DSC 8741Өлкеміздің әйгілі адамдарының балалық шақтағы оқыған қызықты кітаптары, балалық шағы, кітап арқылы жетістікке жету жолдары туралы талқыланатын бұл бағдарламаның мақсаты кітапхананың қоғамдағы мәртебесін демеп, оқырманның оқу мәдениетін көтеру. Үлкендерден үлгі алып, өздігінен ізденіп оқуға үйрету. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани кітап арқылы оқырмандардың бойында жоғары адамгершілік мәдениет қалыптастыру болатын.
Кешті кітапхана директоры З.Оралбайқызы ашып, кеш қонағы Өмірзақ Пердебекұлы оқырмандармен өзінің балалық шағы, кітаптың адам өмірінде алар орны туралы ой бөлісіп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ, іс-шараға белсене қатысқан №29, 75, 64, 47 мектеп оқушыларына разы болып, елімізде осындай білімді жастардың өсіп келе жатқанына өз ризашылығын білдірді. Жиналған көпшілік бұдан кейін әр мектептен келген талантты жастардың тамылжыта салған әнін тындап, мың бұралған билерін тамашалады. Осындай жастарға үлгі боларлық ел ағаларымен кездесуден кейін кітап оқитын оқырмандарымыздың көбейетініне сеніміміз мол.

А. БАЙДІЛДАЕВА,
Ы.Алтынсарин
атындағы
облыстық балалар
кітапханасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.