Балаларға жылулық сыйла!

Понедельник, 02 Ноябрь 2015 11:20 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 7277 раз

Шымкенттегі Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте «Балаларға жылулық сыйла!» атты республикалық қамқорлық акциясы өтті.

 MG 7229Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған бұл игілікті іс-шараның басты мақсаты – қала мектептерінде білім алып жатқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды қысқы киіммен қамтамасыз ету.
Аталған акцияда  демеушілік танытқан  азаматтар 100 балаға көмек қолын созып, қысқы киімдер тарту етті. Демеушілердің арасында «Шымкент зообағы» МҚК басшысы Нұрғазы Бұқарбаев, «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбек, «Изуми» сауда орталығының басшысы Өмірәлі Ералиев, «Геоперфоратор» ЖШС директоры Сергей Досметов, «Ломбард Кошелек» директоры Гүлжан Ташманова, «RG Brands» сауда орталығының басшысы Руслан Рай, тағы басқа жомарт азаматтар бар.
9 сынып оқушысы Ақерке Жаңабаева барлық оқушылардың атынан қамқорлық танытқан демеушілерге алғысын жеткізеді.
Балаларға жылулық сыйлап, бізге қыстық киімдер алып берген аға-әпкелерге алғысымыз шексіз. Сабақты жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен қуантамыз, - дейді Ақерке.
Акция соңында қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев демеушілерге алғыс хат табыс етті.

Б.ЖҰМАНОВА,
Молда Мұса атындағы
№5 жалпы орта мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.