Қос басылымның қосқан үлесі қомақты

Понедельник, 07 Декабрь 2015 05:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4733 раз

6 43

Құрметті әріптестер!

Оқырманды рухани дүниелермен сусындатып, күнделікті жаңалықтарды жедел жеткізуге тырысатын «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері 25 жылдық тарихты артқа тастады. Оңтүстік өңірі бұқаралық ақпарат құралдарының көптігімен де ерекшеленеді. Дегенмен, Шымкенттің шамшырағына айналған қалалық басылымдардың орны бөлек. Қос басылымның өңір журналистикасының, үшінші мегаполистің дамуына қосқан үлесі қомақты.
Оқырмандарының сенімін арқалаған «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бүгінгі буынын – редакция ұжымын 25 жылдық мерейтоймен құттықтаймын! Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, қаламдарыңыз мұқалмасын, оқырман ойын дөп басып, әр отбасының сенімді серігі болудан айнымаңыздар, баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін!

Сейітқазы МАТАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы,
Алматы қаласы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.