Шымкенттiң қоғамдық өмiрiнiң айнасы

Понедельник, 07 Декабрь 2015 05:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4932 раз

Құрметті «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» қоғамдық-саяси газеттері редакциясының ұжымы!
Құрметті оқырмандар!

akimСіздерді айтулы оқиға – қос басылымының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің басылымдарыңыздың еліміздің ақпарат кеңістігінде лайықты орны, өзіндік бедел-бедері бар, облыс орталығы - Шымкенттің қоғамдық  өмірінің айнасы.
Бүгінгі «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге халықтың қоғамдық пікірін қалыптастыруға ықпал ететін қуатты медиа-ресурс, билік пен халық арасындағы алтын көпір. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеяларын насихаттауға үлкен үлес қосып келе жатқан беделді басылым.
Газет материалдары елімізде тыныштық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді сақтауға, патриотизмге, адамгершілік қасиеттерге үндейді. Өңірде болып жатқан оң өзгерістерді оқырмандарға шынайы, әрі жедел жеткізіп келеді. Замана сырын, көкейкесті мәселелер мен көпшілік көңіліндегі жайттарды дөп басып, оқырманымен бөлісе біледі.
Қалың оқырманы қалыптасқан газеттердің беделі өз істеріне шын берілген, шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігі жоғары, ұйымшыл да  іскер жандардың еңбегінің арқасы. Сол ерен еңбектің арқасында мыңдаған оқырман аудиториясының ықылас-ілтипатына бөленген қос басылымның Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолында толымды табыстарға кенеле беруіне тілектеспін!
Сіздерді мерейтоймен құттықтай отырып, толағай табыс, сарқылмас бақыт тілеймін, шабыттарыңызды шарықтатар қаламдарыңыз мұқалмасын!

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.