Сайлау заң шеңберінде өтті

Четверг, 30 Апрель 2015 05:18 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4124 раз

Президент сайлауын өткiзу барысында Оңтүстiк Қазақстан облысында ешқандай өрескел заңбұзушылық орын алмады және арыз-шағымдар түскен жоқ. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасында сайлауды бақылау жөнiндегi облыстық комиссия төрағасы Досыбай Шерiмқұлов мәлiмдедi.

DSC 0256Облыс тұрғындарының 0,43 пайызы Ә. Құсайыновқа, 98,40 пайызы Н. Назарбаевқа, 1,17 пайызы Т. Сыздықовқа дауыс берген. Комиссия мүшелері сайлаудың өз деңгейінде өткенін, ешқандай заңбұзушылықтар орын алмағанын мәлімдеді.
– Өңiр сайлаушыларының белсендiлiгi өте жоғары болды. Облыстағы 1029 сайлау учаскесiнiң барлығында бақылаушыларымыз қызмет еттi. Олар арнайы семинар-тренингтерден өткен мамандар. Үш кандидаттың үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзуiне теңдей мүмкiндiк берiлдi. Сайлауалды штаб мүшелерiнен, сайлаушылардан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Шетелдiк бақылаушылар да саяси доданың заң талаптарына сай өткенiн айтты. Қуанарлығы, бұл сайлауда облыс тұрғындары ерекше белсендiлiк танытып, ел тарихындағы маңызды оқиғаға атсалысты, – дедi Д. Шерімқұлов.
«Қайнарбұлақ» шағынауданындағы №149 сайлау учаскесiнiң бақылаушысы Әдiлхан Әуелбеков те тұрғындардың белсендiлiгiн атап өттi.
– Жетпiстен асқан ата-әжелерiмiз немерелерiмен келiп, таңдауларын жасады. Заң бұзушылық әрекеттер болған жоқ  – дейдi жас бақылаушы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.