КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ӨСЕДІ Избранное

Пятница, 12 Май 2023 05:30 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3152 раз

«2023 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ге дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма Әлеуметтік кодексте көзделген». Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

718

 

Жеті және одан көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артпақ. Биыл 7,4 АЕК-нің мөлшері – 25 530 теңге. Ол еліміздегі 90 мыңға жуық марапатталған анаға төленеді.
Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – «Наградталған ана» деген жаңа ұғымды енгізу. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Министрлік ақпаратынша, бүгінге дейін 6, 7 және одан көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алып келді. Ал, Әлеуметтік кодексте наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделіп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.