Ғибратты ғұмыр

Пятница, 27 Март 2015 07:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 7007 раз

Ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаз Қалтай Рысбекұлы 83 жасқа толды. Наурыз мерекесі қарсаңында дүниеге келген ардагер бүгінде немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп отыр. Қашан көрсеңіз де, қазыналы қарттың пейілі кең, жүрегі таза. Ақжарқын, аңғал қалпынан айнымайды.

DSC 0950-11Дербес зейнеткер қаладағы қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысады. Жергілікті басылымдарға да жиі қалам тартып тұрады.
Кезінде ұстаздық қызмет атқарған Қалтай Рысбекұлының өмірі өнегеге толы. Еңбек ардагері жастайынан қиындыққа мойымады. Еңбектің дәмін ерте татты. Әскери борышын Украина жерінде өтеген ол Венгрия соғысына қатысады.
Өмірдің мәні оқуда екенін ұққан Қалтай ата Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Іргелі оқу орнында Мұхтар Әуезов, Ісмет Кеңесбаев, Ғабит Мүсірепов, Мәулен Балақаев сынды қазақтың марғасқаларынан білім алады. Оқуды үздік бітірген соң, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогиалық институтына 9 жыл жемісті қызмет атқарады.
Бүгінде Қалтай Рысбекұлы ардагер ұстаз ғана емес, қамқоршы әке, ардақты ата.
Ардагер ұстазды Наурыз мерекесімен қатар келген туған күнімен құттықтаймыз. Қалтай атаға ұзақ өмір, мықты денсаулық тілейміз.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Әкеге хат Бүгiнгi балалар ертегi тыңдай біле ме? »