Мықты токарь Бразилияға барады

Пятница, 03 Апрель 2015 06:54 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6513 раз

Токарь мамандығы қазақ үшін таңсық емес. Кезінде ата-бабаларымыз темірден түйін түйген шебер болған. Ағаштан тұрмысқа қажетті заттардың бәрін жасаған. «№3 колледжде» осы мамандық бойынша байқау өткізіліп келеді.

IMG 0570«Мамандық бойынша ең үздік токарь» облыстық байқауы өндірістік техникалық-кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін белсендету, кәсіби шеберлікті және теориялық дайындық деңгейін көтеру, жауапкершілік сезімін дамыту және жұмыс орнында еңбек жағдайларын жақсартуға ұмтылу, өндіріс мәдениетін арттыру мақсатында өткізілуде.
Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы кәсіби шеберлік облыстық байқауына 8 студент қатысып, 5-і  үшінші айналымға жолдама алды. Нәтижесінде І орынға ие болған Рахматуллаев  Шахрук өзінің кәсіби білімін облыс атынан республикалық байқауда қорғайтын болады, ал республикалық байқаудың жеңімпазы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін әлемдік байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Байқаудың жеңімпаздарына құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақылар табыс етілді.
Бүгінгі таңда «№3 Колледж»  ұжымы тарихи қалыптасқан дәстүрді жалғастыруда және осы токарь мамандығын облысымыз бойынша дайындайтын жалғыз үздік оқу орны болып табылады.

Г. Аблаева,
«№3 Колледж» МКҚК-ның токарлық ісі әдістемелік
комиссиясының
төрайымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.