Еңбекте үздiк шыққандар марапатталды

Четверг, 30 Апрель 2015 05:01 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3885 раз

28 cәyip – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі мекемелер мен кәсіпорындар арасында өткізілген конкурстың жеңімпаздары анықталды. Үздіктер Шымкенттегі «Химфарм» фармацевтикалық орталығының ғимаратында марапатталды.

uSgWZM4iLpwХалықаралық Еңбек Ұйымының шешімі бойынша 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ретінде халықаралық деңгейде аталып өтеді. Атаулы күнге орай ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жыл сайын осы күні жұмыс берушілердің облыстық одағымен және облыстық кәсіподақтар кеңесімен бірлесіп, өңірдегі кәсіпорындар, мекемелер арасында еңбекті қорғау бойынша байқау-конкурсын өткізіп келеді.
Бұл жөнінде аталған жиында сөз алған Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, комиссия төрағасы Қайрат Төлебаев баяндап өтті.
– Іс-шараның негізінде 4 номинация бойынша байқау жарияланды. Байқау жеңімпаздарын бұл ретте арнайы комиссия мүшелері анықтады, – деді Қ. Төлебаев.
Жиында комиссия мүшелерінің ортақ шешімі бойынша үздік мекемелер анықталды. Нәтижесінде, «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» номинациясы бойынша «Шымкентцемент» ЖШС-нің Бас директоры Гобриэль Морэн және «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясымен «Химфарм» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің басшысы Темірлан Ермағанбетов марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.