Азық-түлiк жеткiлiктi

Пятница, 29 Январь 2016 04:57 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4475 раз

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрақтандыру қорына өткен жылы жалпы соммасы 1,38 млрд теңге болатын 19,1 мың тонна өнім сатып алынған.

89d726969a8f398ff8294b6f3c4Бүгінгі таңда, облыстың тұрақтандыру қорында 5 мың тоннаға жуық ұн, 1 855 тонна картоп, 500 тоннадан астам пияз, 93 тонна сәбіз, 172 тонна күріш, 114 тонна макарон өнімдері мен 644 тонна құмшекер және 200 мың литр күнбағыс майы бар. Аталған тауарлар, осы жылдың наурыз-сәуір айларына дейін жеткілікті. Ал өңірде азық-түлік бағамының өсіміне жол бермеу және негізсіз бағаны өсірмеу жөнінде 458 меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өңірдегі сауда орындарда 25 мың данадан астам «Қазақстанда жасалған» бірыңғай логотиптері орнатылды.

Айта кетейік, бүгінде облыста 102 базар бар. Олардың 22-сі заманауи талаптарға сай болса, 54-не қайта құрылымдау және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. 17 базардың жағдайы орташа деңгейде десек, бірқатар сауда орындарын жабу және көшіру жөнінде сот шешімі шығып, кейбіріне нысаналы мақсатын өзгертуге ұсыныс берілген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.