Жiп иiру зауыты iске қосылды

Пятница, 27 Февраль 2015 05:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5386 раз

Шымкентте мақта-матадан жіп иіретін зауыттың жұмысы қайта жанданды. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында» орналасқан «Oxy Textile» ЖШС-нің жұмысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен іске асырылды.

20150225125210Бүгінде кәсіп-орында 90-нан астам адам жұмыс істейді. Ал өндіріс толығымен іске қосылғанда 270 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, зауыт қуаттылығын жылына 6183 тонна дайын өнім алуға дейін жеткізу көзделуде. Фабрика шикізатты «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан бөлінген 907,5 млн. теңге қаражатқа алып отыр. Өндіріс тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын заманауи технологиялармен жабдықталған. Шығарылатын өнім халықаралық стандартқа сәйкес. Бастапқы кезеңде кәсіпорынның дайын өнімі экспортқа шығарылса, келесі кезеңде өнімдер ішкі нарыққа бағытталмақ. Қазіргі таңда экспорт бойынша көршілес Қытай мемлекетімен келіссөздер жасалуда.
Айта кетейік, «Oxy Textile» ЖШС-нің бірнеше жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған болатын. Басты себебі – шикізат пен айналым құралдарының жоқтығы еді. Сондай-ақ, 2008-2009 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыс пен нарықтағы мақта бағасының тұрақсыздығы зауыттың тұралауына әкеп соқты.  
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан «Oxy Textile» ЖШС-ін сауықтырудың әр кезеңінде жан-жақты қолдау жасалды. Бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына» қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған. Аймақта 21,665 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асып, 1445 жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, құны 114,7 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба аясында жұмыстар жүргізілуде, жобалар іске асқанда осында 7141 жұмыс орны ашылады», –  дейді облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.