Жаңа әдiспен ота жасайды

Пятница, 27 Февраль 2015 06:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3879 раз

Облыстық кардиорталығының хирургтары отаның жаңа әдісін меңгерді. Олар 4 науқасқа жүректің туа біткен ақауын коррекциялау бойынша, миниинвазивті торакотомдық ену арқылы ота жасады. Жаңа әдіс негізінде туа біткен ақауды жасанды қан айналым жағдайында төс сүйегін кеспей-ақ жоюға болады.

operation-3Миниинвазивті торакотомды ену арқылы жасалған отадан кейін науқас өзіне тез келеді, ауырсынбайды және денесінде тыртық қалмайды. Кардиохирургтардың айтуынша, косметикалық жағынан ұтымды. Шымкент қаласының 15 жасар тұрғыны Жанель Мүсірәлінің жүрегіне  жаңа тәсілмен ота жасалыпты. Ол ауыр халде жүрегінің екі құлақшасының арасындағы ақаумен түскен. Жанель жүрек ауруына шалдыққаны туралы жарты жыл ғана бұрын осындағы дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде білген. Қазір отадан кейінгі жағдайы жақсы.
Осыған дейін отаның бұл түрі тек республикалық деңгейде ғана жасалынатын. Шымкенттік дәрігерлер бұл әдісті Израильде, Польшада және Германияда үйреніп келген. Солардың бірі екінші санаттағы дәрігер кардиохирург Жасқанат Бахымов. Оның айтуынша, жанама әдіспен жасалынатын ота науқастар үшін жеңіл болды.
– Миниинвазивті торакотомдық  отаны біз 23 қаңтар күні жасадық. Жүрек тұсынан 4-5 сантиметр етіп  тілінеді де, қабырғасына зақым келмей жүзеге асырылады. Науқас бес күн ішінде үйіне шығарылады. Бұрын стернотомия әдісімен жасаған кезде науқасқа 3-4 ай ауыр көтеруге болмайды. Төс сүйегі кесілетін еді. Мұның қыз балалар үшін ауыр екені белгілі. Туа біткен жүрек ақауы облысымызда көп болғандықтан, жас балаларға да жасап жатырмыз. Екі бала қазір бөлімшеде отадан соң емін алуда, – дейді Ж. Бахымов.   
Облыстық кардиорталығында  өткен жылы 270 операция жасалған. Оның 60-сы туа біткен жүрек ақауымен  ауырғандар. Кардиохирургия бөлімінің дәрігерлері алдағы уақытта сератамиялық әдісті азайтып, Миниинвазивті торакотомдық отаны көптеп жасауды қолға алмақ. Айта кетейік, сератамиялық әдіс диагнозы күрделі науқастарға қолданылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.