ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР Избранное

Среда, 29 Май 2024 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 228 раз

мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады

ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Мақсаты – мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін түсіндіру, іріктеудің қағидаларын, өңірдегі бос орындармен таныстыра отырып, жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы органдар, аумақтық департаменттер мен басқармалар 50-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

TulekG

 

– Шымкент қаласында қазіргі таңда 48 мемлекеттік орган, 2000-ға жуық мемлекеттік лауазым бар. Соның 5 пайызы – бос орындар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметті барынша ашық, қолжетімді ету үшін осы жәрмеңкені ұйымдастырып отырмыз. Айта кетер жәйт, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі кедергілерді жою тапсырмасын орындау мақсатында жоғары оқу орындарының үздік түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі енгізілді. Бүгінгі күні мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын GPA 3,33 балдан жоғары үлгеріммен үздік аяқтаған түлектер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалады. Сондай-ақ, жұмысқа орналасуды пилоттық түрде онлайн жүргізіп жатырмыз. «Е-қызмет» порталында бос жұмыс орындарының тізімі орналастырылады. Сол орындарға үміткер тесті онлайн тапсырады. Тест тапсырушыны жан-жақтан камера бақылап тұрады, – дейді ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аянай Раева.
Бос орындар жәрмеңкесінде жоғары оқу орындары мен жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінің түлектері, квазимемлекеттік сектор мен жастар орталығының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысып, өздеріне керекті мағлұматтарын алды.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.