Күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беруде

Пятница, 07 Июнь 2024 06:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 362 раз

kurdeli-maseleler

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауға алдын-ала жазылған азаматтармен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді.

Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтарды қабылдау мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік беруде.

Қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды.

Әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.