Қолөнершілер мен суретшілер өнерін ортаға салды Избранное

Пятница, 12 Июль 2024 06:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1080 раз

Шымкент қаласының Арбатында жергілікті суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Онда шығармашылық саладағы 50-ге жуық шебер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды.

8 жарм

Мұндай іс-шараны өткізудегі басты мақсат – шеберлерге өнімдерін сатуға жағдай жасап, қолдау көрсету. Қазіргі кезде елімізде креативті индустрия саласына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысы өз жолдауында креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде креативті индустрия өкілдеруіне қолдау шараларының кешенін әзірлеу міндетін қойды.
Айта кетейік, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қолөнершілер мен суретшілердің осындай жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Оларды барлық өңірлерде тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлерге мұндай алаңды тегін ұсынған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.