ОЛ ЖАҢБЫРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ... Избранное

Пятница, 12 Июль 2024 06:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1320 раз

Шымкент зообағында зубр төлдеді

Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр. Шымкент зообағындағы ерекше жануардың бірі, қуызмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы жануар – зубр төлдеді.

8 зоо

 

«Бұл бүкіл әлемдегі зообақтар тарихи жағдайлардың бірі. Себебі, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Еуропадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубр саны 30 басқа дейін азайып кеткен болатын. Соңғы есеп бойынша 2023 жылы олардың саны 10 мыңнан асқан. Олардың 3000-ға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді», - деп хабарлады Шымкент мемлекеттік зообағы.
Зубр – жабайы орман жануары. Еуропадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал, биіктігі 2 метрден асады, салмағы 1 тоннаға баруы мүмкін.
"Қазіргі уақытта зубр бұзауының жағдайы жақсы. Ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың күнделікті бақылауында. Зообақ көрермендеріне зубр бұзауын көруге мүмкіндік бар. Зубр бұзауы жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер болып айналғанды жақсы көреді", - дейді зообақ мамандары.
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.