ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ ЖІТІ НАЗАР АУДАРУДЫ ТАПСЫРДЫ Избранное

Пятница, 19 Июль 2024 07:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 769 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарымен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып, салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Алматы мен Ташкент бағыттарынан қалаға кіре берісте «Shymkent» жазуы бар стела орнатылатын орындарды да тексерді.

OkUSS

 

Бұдан бөлек, Абай ауданы Ынтымақ шағынауданына қарасты Жидебай көшесінің тұрғындарымен кездесті. Табиғи газбен қамту, кәріз, көше мен тротуарларды асфальттау мәселелері талқылады. Тұрғындар жылдар бойы шешілмей келе жатқан жақын маңдағы қоғамдық көлік аялдамасына жаяу жүргіншілер жолын ұйымдастыру мәселесін көтерді.
Екі жақты әңгімелесе келе айтылған проблеманың оң шешімі табылып, учаске иесі тұрғындар үшін жолды ашып беретін болды. Сол жерде аудан әкіміне уақытша өту жолын ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, қала басшысы алдағы уақытта заң талаптарын сақтай отырып, жер телімін мемлекетке қайтару мәселесін қарастыратынын жеткізді.
Әкім мен оның әріптестері Әл-Фараби ауданы, Әлімқұлов көшесінде тұратын тұрғындардың өтінішін де назардан тыс қалдырмады. Кездесу барысында халық көшені жарықтандыру, пандустың жоқтығы және балалар алаңын жаңғырту қажеттілігі сынды бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын қарастыруды айтты. Осы мәселеге орай әкім аудан әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, азаматтардың өтінішіне жіті назар аударуды тапсырды.
Осы күні шаһар басшысының Еңбекші ауданы Қаратөбе шағынауданының тұрғындарымен де кездесу болды. Онда суару жүйесі мен спорт нысандарының жұмысы, кәріз желілерін жаңғырту мен гүлзар салу мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.