ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 19 Июль 2024 07:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 854 раз

Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали және өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

InVesT

 

Инвестициялық жобалардың интерактивті картасы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына live-режимде мониторинг жасап, бақылауға және жобаларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.
– Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның инвестицияға қолайлы мемлекет атануы. Интерактивті картаның көмегімен әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға болады. Қажет болған жағдайда түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері картамен танысып, түйткілді тұстар мен оларды шешу жолдарын анықтай алады, – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.
Бизнес өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта интерактивті карта елде жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларды енгізуге де болады.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкенттің кәсіпкерлікті жүргізу бойынша қолайлы қала екенін, ал бұл инвесторларды жұмылдыруға сеп болатынын атап өтті.
– Біздің басты мақсатымыз – сол инвесторларды шақыру ғана емес, жобасын сәтті жүзеге асыруға қолдау көрсету, сүйемелдеу. Осы инвестициялық жобалардың картасы – соның бір дәлелі. Жергілікті атқарушы органға да, кәсіпкерлерге де қажет жобаның әлеуеті мол. Күн сайын мұндай инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Оларға дер кезінде қолдау көрсету аса маңызды, – деді Айдын Кәрімов.
Шымкент қаласы прокурорының орынбасары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
– Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Бас прокурорының назарында тұр. Бүгінгі интерактивті карта да осы бағыттағы жұмыстардың бір тетігі. Осы орайда картада көрсетілген мәліметтер прокуратураның бизнесті қорғаудағы жұмысына септігін тигізеді. Ендігі ұсынысымыз – әр инвестор, әр кәсіпкер осы интерактивті картаға өзі тарапынан мәліметті сапалы әрі дер кезінде енгізсе, тиісті жұмыс істеуге қолайлы болады», – деді қала прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне Шымкент қаласы бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.
Жиын барысында, сонымен қоса, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үшжақсы келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында инвестициалық картаны ендіруді және белсенді қолдануды көздейді.

Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.