ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ Избранное

Пятница, 19 Июль 2024 07:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 622 раз

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде білім, құрылыс басқармалары мен Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары қаралды.

Kogam Ken

 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев 2024 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады. Ал, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев шаһарда құрылыс сапасын арттыру бағытында қолға алынған іс-шаралардың барысынан хабардар етті. Сондай-ақ, кеңесте білім басқармасы басшысының орынбасары Елдос Саметов мектеп оқушылары арасында суицид мәселесі өзекті екенін және оны шешу бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін айтты. Соңғы уақыттары оқушылар арасында суицидтің артып жатқанына байланысты мектеп психологтарының санын көбейтуде бірқатар іс-шаралар атқарылуда.
Қоғамдық кеңес мүшелері тасқын суды алдын алу үшін ирригациялық жүйелер желісін дамыту, жауын-шашыннан кейін судың әр жерге көлшік болып жиналып қалуына қатысты мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері қалада көп қабатты тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру, кепілдік мерзімін ұзарту бағытында да бірқатар ұсыныстарын айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.