Жақыповтар отбасы республикада бақ сынайды Избранное

Среда, 20 Июль 2022 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 639 раз

Шымкент қаласы әкімдігінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық комиссиясының отырысы өтті. Басқосуға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Мұқан жетекшілік етті.

160

 

Жиын барысында комиссия мүшелері аудандық кезеңде оқ бойы озық шыққан 16 үміткердің құжатымен танысып, ақпараттық бейнебаяндарын тамашалады. Байқау еліміздегі ынтымағы жарасқан, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген отбасыларды кеңінен насихаттау мақсатында 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүр. Бұл жолы қалалық кезеңге бала тәрбиесін насихаттап жүрген ұстаздар отбасынан бастап, кәсіпкер, меценат, қолөнер шеберлері мен еңбек адамдары қатысып отыр.
Қызу талқылаудан соң, комиссия байқаудың республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын отбасын анықтады. Дауыс басымдығымен Қаратау ауданынан қатысқан үміткер, бокстан Әлем чемпионын тәрбиелеген Жақыповтар әулеті республикалық кезеңге өтті.
— Бүгінгі байқауға құжат тапсырған барлық отбасы республикалық кезеңге жолдама алуға лайықты. Бірі – өнерімен, бірі – еңбегімен, енді бірі – бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға басымдық беруімен ерекшеленіп тұр. Алайда, байқау қағидасына сәйкес, республикалық кезеңге бір ғана отбасына жолдама беруге тура келді, - деді комиссия төрағасы Шыңғыс Жұмабекұлы жиынды қорытындылап.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауына 110 отбасы құжат тапсырса, биыл ол 128-ге жетіп отыр.