ОТБАСЫНЫҢ ӨНЕГЕСІ – ОТАН ӨНЕГЕСІ
Пятница, 13 Май 2022 04:38Шымкент бала туу және отбасын құру көрсеткіші жағынан алдыңғы қатарда. Мәселен, 2020 жылы 6776 жұп некесін қиса, 2021 жылы Шымкентке 7880 шаңырақ қосылған. Бұл туралы халықаралық отбасы күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.
ӨҢІРЛІК КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Пятница, 13 Май 2022 04:34Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормаларын түсіндіру бойынша республикалық кеңес отырысына онлайн қатысты.
Қарулы күштер – қауіпсіздік қазығы
Пятница, 06 Май 2022 05:06Шымкентте ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы күштер – қауіпсіздік қазығы» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға еліміздің Қарулы Күштерінің іргетасын қалаған қорғаныс саласының ардагерлері, Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер, әскери қызметкерлер қатысты.
ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ТЕКСЕРДІ
Пятница, 06 Май 2022 04:58Жеңіс күні қарсаңында Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен «Astana Vision Shymkent» көз клиникасы бірлесіп, тыл ардагерлерін тексеруден өткізді. Акцияға Әл-Фараби ауданының 15 ардагері қатысты.
Ерлігі – ел есінде
Пятница, 06 Май 2022 04:35Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Отан үшін от кешіп, жас ғұмырын майдан даласында өткізген қазақ баласы қаншама?! Сұрапыл соғыстың соңғы күніне дейін ұрыс даласында алдыңғы шептен табылып, елге оралған соң да халық үшін қызмет еткен төлебилік Омарбек Иманбаевтың ерлігін ұмыту әсте мүмкін емес.
ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ
Среда, 04 Май 2022 03:43Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Астана алаңында өткен мерекелік салтанатты жиын «Қазақстан — бейбітшілік мекені» театрландырылған хореографиялық қойылымымен басталып, «Достық» шеруі мен хореографиялық композицияға ұласты.
ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Среда, 04 Май 2022 03:40Айт мерекесінің алғашқы күнінде шымкенттік жалғызілікті ана баспаналы болды. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұжымы мен мердігер мекеме өкілдерінің қолдауымен Марфуға Ертаеваға баспана кілті табысталды.
Қорғаныс саласының іргетасын қаласқан
Среда, 04 Май 2022 03:35Биыл еліміздің айбыны мен мақтанышы ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына — 30 жыл. Әр мемлекеттің шекарасы шегенделіп, тәуелсіздігі танылған соң, ол елдің тыныштығын сақтап, сыртқы жаудан қорғайтын айбынды Қарулы күштерінің қалыптасуы заңды құбылыс. Біз ҚР Қарулы Күштері құрылған күннен бастап елінің патриоты ретінде тер төккен «ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Онбаев Серікбай Мейірбайұлымен тілдескен едік.